БҚО-да өзекті болған су мәселесі шешімін табуда

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
<
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
28.11.2017 в 13:10

БҚО-да өзекті болған су мәселесі шешімін табуда

БҚО-да өзекті болған су мәселесі шешімін табуда

Зеленов – Батыс Қазақстан облысындағы ірі аудандардың бірі. Облыс орталығына жақын орналасқан бұл аудандағы өзекті мәселелердің қатарында орталықтандырылған ауыз сумен қамту да бар, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Биылғы жазда аталмыш ауданға әкім болып тағайындалған Асхат Шахаров ауылдарды аралап, елді-мекендердің ахуалымен  танысу  барысында  шешімін күткен мәселелер Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты бойынша және «Нұрлы жол» сынды мемлекеттік бағдарламалар аясында шешімін табатынын айтты.

Айта кетейік, ауданда 68 елді-мекен болса, оның 22-сіне орталық ауыз су тартылған. Биыл олардың қатарына 5 ауыл қосылмақшы, сонда бұл сан 27-ге жетеді. Жыл соңында ауданның 40%-да ауыз су мәселесі шешімін табады деп жоспарланып отыр. Келер жылы тағы алты ауылға су барады. Қазір ауданда суды тасып ішіп отырған 3 ауыл бар. Аудан басшылығы су құбырын бірінші кезекте осы елді-мекендерге тарту жағын қарастыруда.

Таяуда осы ауданға қарасты Көшім ауылына су келіп, тұрғындар үлкен қуанышқа кенелді. Бүгінде ауылдағы 500 үйге және барлық әлеуметтік нысанға тіршілік нәрі келіп тұр. Ауыл тұрғыны Сәуле Закаринаның айтуынша, олар бұған дейін суды тасымалдап ішіп келген. Тасымал су бақшаға, шаруашылық қажеттіліктеріне жетпейтін. Енді ол күн келмеске кетті. Қазіргі су таза әрі дәмі де тіл үйіреді.

Аудандағы біраз ауылға су құбырын уақытынан бұрын әрі сапалы етіп тартып, елдің алғысына бөленген «Нира» ЖШС Көшімге де суды екі ай бұрын әкеліп, тағы да ерледі. Мердігер компания ел қазысынан бөлінген 160 млн. теңгеге бұл жерден 17 шақырымдай қашықтықта орналасқан Щапов су қоймасынан құбыр тартып, ауылдың кіре бересіне екі резервур, бір мұнара және тегеурінді су нысандарын салды. Мұның бәрі судың үзіліссіз келіп тұруына мүмкіндік береді. Серіктестік директоры Абузар Джафаровтың сөзіне қарағанда, құрылыс жұмыстарына жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланған. Енді олар Белес ауылына су құбырын тартып жатыр.


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика