БҚО-ның тұрғындары мемлекет қамқорлығына риза

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
<
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
30.11.2017 в 16:54

БҚО-ның тұрғындары мемлекет қамқорлығына риза

БҚО-ның тұрғындары мемлекет қамқорлығына риза

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жәнібек ауданының Қамысты ауылының тұрғындары көптен күткен қуанышқа кенелді. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты бойынша ауылда жаңарып-жаңғырудан  өткен су құбыры пайдалануға берілді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Су құбырының ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамту Елбасының Жолдауларындағы басым бағыттардың бірі екенін айтты. Соған сәйкес Үкімет, жергілікті атқарушы билік тарапынан тиісті іс-шаралар алынуда. Қазіргі таңда «Нұрлы жол» мен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты бойынша тұрғындарды орталықтандырған ауыз суммен қамту мәселесі шешімін тауып жатыр. Бұл су құбырын жүргізуге 249 миллион теңге қарастырылған, яғни соның 49 миллион 800 мың теңгесі жергілікті, ал 199 миллион 200 мың теңге республикалық  бюджеттен бөлінген. Су құбырын тартуды «Жиенбай» ЖШС құрылысшылары биыл сәуір айында бастап, алты айдың ішінде құрылысты аяқтап шықты. Аталған серіктестік осы мерзім ішінде жаңадан 50 текше метрлік су мұнарасын тұрғызып, 500 текше метр резервуарды жөндеуден өткізді. Су құбырының жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда ауылдағы 314 үйге таза ауыз су кіргізілді.

Қамыстылықтар атынан алғыс айтқан ардагер-ұстаз Зейін Сабырғалиев Мемлекет басшының ауыл халқының тұрымыс сапасын жақсарту бағытындағы тапсырмасы жергілікті атқарушы билікпен жоғары деңгейде орындап жатқанын жеткізді. «Осыдан біраз жыл бұрын «Таза су» бағдарламасы бойынша ауылға таза ауыз су келгенде көпшіліктің бөркін аспанға атып қуанған еді,-деді ол.-Енді міне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты бойынша су құбыры әрбір үйге кірді. Қазір қаладағы үй мен ауылдағы үйдің айырмашылығы жоқ деуге болады. Елбасымыз өзінің Жолдауында ауыл мектебі мен қала мектебінің алшақтығын азайту міндетін қойғаны белгілі. Облыс басшылығы тарапынан қазір осы бағытта нақты іс-шаралар алынуда. Осыдан үш жыл бұрын ауылымызда заман талабына сай су жаңа мектеп салынып, түрлі құрал-жабдықтармен қамтылған еді. Енді «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жеделділігі жоғары интернет желілері тартылмақшы. Жалпы алғанда мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай зор қамқорлықтарға біз ризамыз».


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика