KazTimes

 +7 (7172) 308 571

Написать нам

Шымкенттегі «Барыс-2007» серіктестігі өз өнімдерін шетел нарығына шығаруда. Кәсіпорын тұтынушыларға макарон өнімдері менкондитерлік тәттілерін ұсынады. Қолжетімді бағадағы өнімдер әлемдік брендтерден еш кем түспейді.

Түсқағаздағы, тоқыма бұйымдарындағы «3 D» өрнек қай елдің нарығында болмасын, мықты сұранысқа ие болғаны анық. Осыны ескерген шымкенттік фабрика «3 д» нәскилерін шығаруда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жасанды жолмен көк шөп өсіру технологиясы Шымкентке де жетті. KazAgro Green компаниясы небәрі бір аптаның ішінде жасыл шөп өсіріп шығарады. Шіліңгір шілденің аптап ыстығы ма, әлде қытымыр қыстың қақаған аязы ма, бұл мекемеге шөп өсіру ешқашан қиындық тудырған емес.

12 маусым күні Қызылорда облысының актив отырысында  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Артур Нығметов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

19  маусым күні Қызылордада  облыс әкімі Қ.Көшербаевтың,  «KAZAKH  INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Біржан Қанешевтің және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының  орынбасары Ольга Когайдың қатысуымен Байқоңыр қаласында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелеріне арналған  «Байқоңырда бизнес жасау мүмкін бе?» атты  ІІ халықаралық интернет-форум өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

15 маусымда Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен бірыңғай төлем құжатын енгізу мәселелеріне арналған жиын болып өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

17 маусым күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Президенттік, халықаралық және республикалық пән олимпиадаларының, ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары, дарынды оқушылармен кездесті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

17 маусым күні  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев актив отырысында облыстық соттың жаңа төрағасын таныстырды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

17 маусымда Қызылорда қаласында медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара болып өтті, деп хабарлайды  ИА «NewTimes.kz». Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың  жоғары жетістіктерін атап өтті.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында қала мен ауылдық жердегі мектептер арасындағы аражігін жоюды тапсырды. Жалпы, Елбасы үнемі білім саласына ерекше көңіл бөледі. Бұл әсіресе аудандар мен шалғайдағы ауылдардың көтерілген әлеуетінен айқын аңғарылуда, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру» - деп атап өтті. Қызылорда облысында жастардың жарқын болашағы үшін, яғни олардың сапалы білім алып, қалаған мамандықтарын игеруіне барлық жағдай жасалып отыр.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында ел экономикасын қарқынды дамыту мақсатында жергілікті және сыртқы туризм саласын дамыту жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, қасиетті Сыр өңірінде шетелдік қонақтарды қызықтыратын сырлар жетерлік. Мәселен, Қызылорла облысының Қармақшы ауданында орналасқан Шірік-Рабат қалашығының маңында көзешілердің ауылы табылды, деп хабарлайды аудан әкімдігі.

«Қайнар – АКБ» компаниясы аккумулятор батареяларын шығаратын отандық тауар өндіруші болып табылады, деп хабарлайды NewTimes.kz. Ол тек батареялардың құрамы мен бөлшектерін құюды ғана емес, оны дайын өнім етіп шығаруда. Осы және өзге де компания жетістіктерімен таныстыруға келген «Қайнар-АКБ» ЖШС Бас директорының экономика жане каржы жөніндегі орынбасары Тусупбаева Салтанат Серікқызы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз отырысына қатысып, баяндама жасады.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында инновациялық технологиялармен қатар өнеркәсіп, АӨК, көлік және логистика, құрылыс секторы секілді дәсүрлі салаларды дамыту керек деп атап өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz. Осы орайда Қызылорда облысында ауыл шаруашылықты әртараптандыру, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту бойынша ауқымды жұмыс жасалды.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде жаза мерзімін өтеуші сотталған азаматтар орта, кәсіптік- техникалық білім және де ақылы еңбекпен қамтылуда. Осы орайда, «Колониядағыларды жұмыспен қамту-2017» жобасын іске асыру мақсатында Қызылорда облысының түзеу мекемесінде 518 жазасын өтеуші азаматтардың 79 пайызы ақылы еңбекпен қамтамасыз етілді. ЗК-169/5 мекемесінде жаңадан кірпіш күйдіру зауыты ашылды.

5 маусым күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймаққа жұмыс сапарымен келген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

3 маусымда Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы-Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты. Аймақ басшысы қызылордалықтарды 4 маусым-мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. 

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Атамекен» балалар ауылында, облыстық балалар ауруханасында және «Шағбан» инклюзивтік балабақшасында болды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

2017 жылғы 31 мамырда Қызылорда қаласында қайта жаңғыртылған ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Мемориалдық ескерткіш жанында «Азалы тарихқа тағзым» атты митинг өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

2017 жылдың 29 мамырында Қызылорда облысына Швеция Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі  Христиан Камилл және  Финляндия Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Илкка Райсанен жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

29 мамыр күні Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы А.Сарқұловтың қатысуымен мүгедектігі бар кәсіпкерлерге арналған форум өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

5 маусым күні Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Сыр өңірінің озық тәжірибесін биылғы Жолдауында Елбасы да атап өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz. Бұл туралы Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев мәлімдеді.

30-31 мамырда Кызылордада саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форум болып өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты даму форумы өтуде, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аймақтық кезеңінің қорытындысында жеңімпаз деп танылған жетісулық екі отбасының әрқайсысы 1 млн теңгенің сертификатын, I дәрежелі диплом иеленді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыс әкімі Амандық Баталов мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздіктерді марапаттады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Алматы облыстық орыс орталығының құрылғанына 25 жыл толуына орай аймақта Славян мәдениеті мен жазуының фестивалі өткен болатын, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Алматы облысында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы мен ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының өңірлік кезеңіне қатысу бәйгесі жақындап келеді, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz». Бүгінде өңірдегі 37 компания қатысуға өтінім берген. Оның ішінде 7 компания президенттік сыйлыққа үміткер.

Жасыратыны жоқ, қазақстандықтар «Құртафелло» деген өнімнің атауын алғаш естігенде мұны әзіл деп ойлаған. Дегенмен, қарапайым құрттан ұлттық бренд жасауды мақсат еткен шымкенттік жас кәсіпкер қыз туралы естігенде ол шығаратын құрттарға деген сұраныс күрт арта түсті.

Осымен бесінші жыл қатарынан Шымкентте отандық косметикалық өнімдер шығып келеді. «Айсәуле» компаниясының иіссулары мен кремдеріне бүгінде сұраныс айтарлықтай артқан, деп хабарлайды NewTimes.kz. Компания басшысы, әрі идея авторы Айсәуле Мұсаеваның айтуынша, ол шығаратын өнімдер табиғи таза әрі тері қабатына өте пайдалы көрінеді.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика