KazTimes

 +7 (7172) 308 571

Написать нам

Павлодарда биыл тұңғыш рет құрылған «Жасыл ел» су асты жасағының құрамында 10 сарбаз  Жасыбай көлінің түбін тазартады, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы П.Тастанов мәлім етті.

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы бизнес-рейтинг Ұлттық Одағының - Азірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазахстан, Ресей, Украина - анықтауы бойынша үздік деп танылды.

Бәйдібек ауданында жыл соңына дейін үш мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Боралдай, Шалдар, Екпінді елді мекендеріндегі мәдени ошақтар «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы мен облыстық бюджет есебінен қаржыландырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған ғимараттар соңғы 45-50 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген болатын. Айта кетейік, аудандағы 58 типтік және типтік емес мәдениет нысандарының 8-і күрделі жөндеуді қажет етсе, биыл оның 6-на мемлекеттен қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Жаршы» медиа холдингінің президенті Гули-Рано Расулова «Астана» радиосының «Бірлік» хабарында «Ел бірлігін сақтауда этникалық басылымдардың рөлі туралы» деген мәселе бойынша сұхбат берді.

«Барбанг» - бірлікке үндейтін ұйым. Шағын ұйым күрді ұлтының өкілдерін бір қанаттың астына алған. 1995 жылдан бері жұмыс істейді.  Содан бері уақыт талабына сай ұлттық құндылықтарымызды дамытуға, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, жастар саясаты іс-шараларын жандандыруға сүбелі үлес қосып келеді. Жуырда ұйым өзінің төл мерекесін тойлады.

«Оңтүстiк Қазақстан облысы – республика бойынша өзге ұлт өкiлдерi ең көп мекендейтін өңiр. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде, мұнда этноконфессиялық келiсiмнiң бiртұтас инфрақұрылымы қалыптасқан.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Оңтүстіктегі өзбек этно-мәдени бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай облыстық өзбек этномәдени бірлестігі мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Өзбек этносының тілі, мәдениеті, дәстүрлері күні» және «Алтын күз» мерекесі өткізілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесі өтті. Мәжілісті облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары - ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов жүргізіп отырды.

Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінде «Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында өзге ұлт өкілдері мен жастардың қатысуымен кездесу өтті, - деп хабарлады Арыс қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында республикалық «Асар» әлеуметтік акциясы аясында 18 және 9 қыркүйек күндері аралығында ардагерлерге арналған 20 қан қысымын өлшегіш құралын тарату акциясы ұйымдастырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі этнос өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, этносаралық қатынастар мәселесі «Қоғамдық келісім» КММ тарапынан бақыланып, зерттеліп отырады.

Арыс қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында «Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында өзге ұлт өкілдері мен жастардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлады Арыс қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының опера және балет театрында патриоттық әндер байқауы өтті.

Оңтүстік өңірінде облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-і, «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап «Оңтүстік ― достық мекені» кездесулер керуені жалғасуда кездесулер керуені жүргізілуде.

Өткен аптада Астана қаласындағы «Қазақстан» киноконцерт залында өткен «Мәңгiлiк Ел – Болашағы Бiртұтас Ел» атты республикалық патриоттар форумы азаматтардың отансүйгiштiк сезiмiн паш еттi. Айтулы iс-шараға қатысқан қоғам қайраткерлерi, Парламент депутаттары, өнер, шығармашылық, өзге де салалардың өкiлдерi, азаматтық секторлар мен этномәдени орталықтар, БАҚ өкiлдерi, жастар қазақстандық патриотизмнiң жарқын үлгiлерiн өнеге етiп, отансүйгiштiк, елжандылық қасиеттердiң мәнiн жас ұрпаққа ұғындырғандай болды. Бiз аталған форумға қатысқан бiрқатар жерлестерiмiздiң пiкiрiн назарларыңызға ұсынамыз.

Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында «Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында өзге ұлт өкілдері мен жастардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын түрлі ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай орыс драма театрының алдында бас қосып, «Бірлігі бекем ел» атты театрландырылған қойылымын  тамашалады.

Шымкент қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген облыстық «Отырар» кітапханасында «Ұлы дала елі» экспедициясы  жұмысына арналған ауқымды шара ұйымдастырылды, - деп хабарлады "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

Активисты молодежных крыльев этнокультурных объединений области, а также «Жас Отан» партии «Нур Отан» отправляются в сельскую глубинку для встреч с молодежью.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – ассамблея хатшылығының меңгерушісі Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлының тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы №17 колледждің акт залында «Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында өзге ұлт өкілдері мен жастардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірімізде татулықты ту еткен тағы бір жоба басталды. Бұл жолы тың идеяның жемісі болып табылатын жоба «Оңтүстік – Достық мекені» деп аталады. Ал, оны қолға алған өңірдегі Ассамблея мүшелері мен «Жас Отан» жастар қанаты.

Кентау қаласы Кентау көпсалалы колледжінің кітапханасында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Оңтүстік – достық мекені» жобасының ІІ кезеңі өтті.

Қазіргі таңда, облыс көлемінде 12  телеарна, 3  радио, 9  ақпараттық сайт, 175  газет, 37  журнал тұрақты жұмыс жасауда. Осынау 236 бұқаралық ақпарат құралдарының 148-і қазақ, 27-сі орыс, 9-ы өзбек,  42-сі қазақ-орыс, 1-і қазақ-түрік, 6-ы қазақ-орыс-өзбек, 3-қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде шығарылады.

Кентау көпсалалы колледжінің кітапханасында «Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында кездесу болып өтті. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының этносаралық қатынас саласының ахуалдық мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Ғалымжан Өтен, этномәдени бірлестікпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Ербас Өтегенов, қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дамира Асқынбай, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары, қала жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

В Астане в Национальной академической библиотеке РК состоялась презентация многотомника «Қазыналы Оңтүстік» («Сокровищница Юга»), издаваемого последние пять лет по инициативе областного акимата. 

Оңтүстіктегі ахысха түріктерінің 95 пайызы қазақ тілін біледі. Бұл туралы ОҚО түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы  Латипша Асанов мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысында  143 мектепте өзбек ұлтының өкілдері өз ана тілдерінде дәріс алуда. Оның ішінде 86 мектеп қазақ-өзбек, орыс-өзбек аралас мектептері болса, 57 мектеп таза өзбек тілінде шәкірттерге білім нәрін себуде. Жалпы, бүгінгі күні облыс қалалары мен аудандарында аталмыш ұлттық-мәдени орталықтың 13 филиалы жұмыс істейді. Бұл туралы ОҚО өзбек ұлттық-мәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов мәлім етті.

Халқы тығыз қоныстанған Оңтүстікте жүзден астам ұлт тұрады деп есептеледі. Облыстағы 2 621 523 адамның 72,6 пайызын қазақ ұлты құрайды. Қазақ ұлтынан кейінгі үлкен диаспора – өзбектер, олар 16,5 пайызды, орыстар--5,1 пайызды, тәжіктер--1,2 пайызды, әзірбайжандар--1,1 пайызды құраса, қалған 3,5 пайызы өзге ұлт өкілдері.

Сейдахмет Байдәулетов – Оңтүстік Қазақстанда құрылған өңірлік Ассамаблеяның  тұңғыш хатшысы. Оның айтуынша, шамамен 25 жыл бұрын тоталитарлық құрылым селкеу тарта бастаған шақта Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері арасында алаңдаушылық пайда бола бастаған.

Бүгiнде Оңтүстiк Қазақстан облысында 4,5 мыңнан астам иран тұрады. Елiмiздегi иран этномәдени бiрлестiгi де осы Оңтүстiк өңiрде ғана бар.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика