четверг, 18 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Назарбаев әуежайындағы автотұрақ бағасы қазақстандықтарды шошытты (ВИДЕО)

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы автотұрақ бағасы елді шошытты. Наразылық білдіруші көлік иелерінің қатары күн санап көбейе түсуде, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Желіде халықаралық әуежай автотұрағының бағасына наразылық танытушы қазақстандықтардың видеосы пайда болды. Олардың бірі автұрақ ақысын төлеуге келіп, терминалда 52 мың теңге деп көрсетілген бағаны көріп жағасын ұстаған. Осы сәтте көлік иесі анықтама қызметіне хабарласқанында ондағылар ешқандай да қате еместігін, бес күннен бері осындай баға қойылғанын мәлім еткен. Тағы бір наразылық видеосын қазақстандық өнер жұлдызы Нұрлан Әлімжан желідегі өз парақшасында жария етті. «Екі күн Астана аэропортының парковкасында тұрған бір жеңіл автокөлікке 102 мың теңге сұрап тұр. Алдында осындай жағдайлар болып жатыр дегенге сенбегенмін. Ал қазір өз көзіммен көріп аң-таң болдым. Бұл не сұмдық? Бұлар бағаны қайдан алады?» деп жазды Нұрлан Әлімжан.

Видеоны көрген желі қолданушылары мұны масқараға теңеп, халықтың қалтасын оңай жолмен қағу деп санап отыр. Ал келесі бір қолданушылар өнер жұлдызының көлігін ұлттық гвардия сарбаздарының өзі күн-түн күзет еткен деп әзіл аралас пікір қалдырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0