суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Әріптесін соққыға жығып, мәжілістен кеткен экс-депутат Тінікеев марапатталды

Өткен жылдың соңында ер кісіні соққыға жығып, Қазнеттің «жұлдызы» болған атышулы экс-депутат Мұхтар Тінікеев спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы экс-халық қалаулысы өзінің INSTAGRAM парақшасында бөлісіп, тіпті Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен түскен фотосын жариялады.

«Қазақстанда спорт күні тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Бірақ бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт қайраткерлерін осы саланы дамытуға үлес қосқаны үшін медаль және грамоталармен марапаттады» деп жазған Мұхтар Тінікеев мұндай құрметке ие болғандардың қатарында өзі де бар екенін мәлім етті.

Ақпарат ретінде айта кетейік, өткен жылы атышулы видео тарап, ел біраз дүрліккен болатын. Онда сол кездегі мәжілісмен Тінікеев мырза Қарағанды қалалық мәслихат депутатын соққыға жыққан. Осы жағдайдан соң халық қалаулысы барша қазақстандықтардан кешірім сұрап, мәжілістен кетті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0