вторник, 16 апреля 2024 г.
icon
448.56
icon
478.03
icon
4.79
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Жол бойында дәрет сындырған оқушыларды видеоға түсірген тұрғын жұрттан сөз естіп тынды (ВИДЕО)

Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте жол бойында дәрет сындырған оқушыларды видеоға түсіріп, оны желіге таратып жібергендер жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Автордың айтуынша, бұл оқиға Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов көшесінің бойында орын алған. Мектеп оқушыларының әрекетін көрген ол дереу видеоға түсіріп алған.

«Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте көліктен түсіп дәрет сындырып алды да қайтадан көлікке отырды. Бұл Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов көшесі»,-дейді автор.

Желіде тарап кеткен видеоны көргендер автордың әрекетін сынның астына алды.

«Адамдар не болып жатыр? Кішкентай бала ғой...», «Кішкентай балалар ғой, қазақтың жеріне кім дәрет сындырмай жатыр?.. Сол да сөз болып па?», «Балаларды мектептен алып келе жатқан секілді, онда тұрған ештеңе жоқ», «Сіздерге не болған? Бала ғой әлі, біз де солай жасағанбыз», «Енді бұтына жібермейтін шығар, автор сен де басыңмен ойлансаңшы» деп жазды қолданушылар. Дегенмен оқушылардың бұнысын дұрысқа баламағандар да бар. Айтуларынша, барлығы ерте жастағы тәрбиеден басталады. Бүгін көшеде дәрет сындырған бала ертең бетімен кетеді деп алаңдады олар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0