четверг, 18 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Ақшадан мастанған қазақ жігітін көпшілік жерден алып, жерге салды (ВИДЕО)

Біреу қара нанға зар боп жүрсе, енді біреулер шытырлаған ақшаны сыпыртқымен сыпырып, жинап жүр. Бұл әдетте жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Желіде бейтаныс жігіттің бөлмеде уыс-уыс ақшаны сыпырып, жинап жүрген сәтінің видеосы пайда болды. «Жинасаңдаршы, мен жинауым керек пе енді? Мұны тағы санаған ба бірдеңе?» деп айтады қолына сыпыртқы ұстаған жігіт. Онымен қоймай аузынан боқауыз сөз тыйылмаған жігіт купюраларды аяғымен теуіп, мастанған кейіп танытады. Оның әрекетін видеоға түсіріп тұрған азамат күлкіден «жарылудың» шақ алдында тұрғанын байқауға болады. Бұл видеоны көрген желі қолданушылары ақша жинауды ауыр жұмысқа теңеп, шағым айтқан жас жігітті сынның астына алды.

«Шет елдерді көрмейсің бе не болып жатқанын? Ал сен ақшаны теуіп, құтырып жүрсің. Мақтанғанның да жөні болды, сен сияқты су миларды Алла кешірсін», «Ақшаны, нанды аяқ астына тастамайды, үйлерінңен ырыс кетеді», «Біреулер тойып секіреді, біреулер тоңып секіреді. Бұлай ойнауға болмайды. Ақшаның киесі ұрады», «Ақылға қонымсыз мақтаншақтық. Бәлкім мұндай ақшаны алғаш рет көріп тұрған шығар. Егер ақшасы болса, сыпыртқы емес, тым болмағанда жөні түзу шаңсорғыш сатып алуы керек еді...» деп жазды желідегілер. Сонымен қатар қолданушылар мұнша қомақты қаржының қайдан келгенін де өздерінше болжап әлек болды. Бірінің айтуы бойынша жігіт несие алған, екіншісінің пайымдауынша саудагер азаматтың айналымдағы ақшасы болуы мүмкін.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылады!

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: