пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Шымкентте қоғамдық автобус пен жеңіл көлік жүргізушілері жол ортасында төбелес шығарды (ВИДЕО)

Шымкентте әлденеге келіспей қалған ер азаматтар тура жол ортасында төбелесіп қалды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Желіде тараған ақпаратта бұл оқиға Наурыз мөлтекауданында орын алған. Жария етуші желі қолданушысының айтуынша, нөмірі 4-ші қоғамдық автобус мен жеңіл көлік жүргізушілері арасында жанжал туған. Соңында ер кісі қарсыласын бетінен шапалақтап, содан соң тепкінің астына алады. Арада ер әйел оларды ажыратпақ болады. Мұны көрген желідегілер адамдардың тіптен қатал болып бара жатқанынына, қит етсе жұдырығын ала жөнелетініне ашынды. Ал кейбірі бүгінде қоғамдық автобус тізгіндегендер тіптен дандайсып, білгенін жасап жүр деп ашуланды. «Автобустағы жүргізушілер де, кондукторларлары да құтырып кеткен. Үлкенді үлкен демейді, кішіні кіші демейді, жолдың бәрін солар сатып алғандай басып, бір-бірімен жарысып, адамдардың өмірін ойыншыққа айналдырды» деп жазды желідегілер.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: