пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Орамал таққан оқушының əкесі: "Директорды сотқа беремін"

Жаңа оқу жылы бастала салысымен-ақ ақтөбелік мектеп мұғалімдері шудан арылар емес. Қыркүйектің алғашқы күндерінің өзінде ата-аналар орамал таққан қыздарын білім ұяларына кіргізбей жатыр деп дабыл қаққан болатын. Орамал дауы əлі де басылар емес, деп хабарлайды Aktobenews.kz-ке сілтеме жасап Newtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтөбе қаласындағы № 20 мектепте оқитын орамалды оқушының ата-анасы полицейлерге арыз жазды. Себебі 11 сынып оқушысы сабаққа кіре алмай жүр.

"Қызым 1-сыныптан бастап осы мектепте оқиды. Қазір орамал мәселесіне қатысты қиындықтар көріп жатырмыз. Қызым бес күннен бері сабағына кіре алмай жүр. Барлық бағдарламаларынан қалып қойды. Бүгіннен бастап қорғаушы жалдадық. Директордың үстінен сотқа жүгінетін боламыз. Бүгін мектепке полиция шақырдық",-деді оқушының əкесі. Бір қызығы, мектеп инспекторы шағым түсірмек болған əкенің арызын қабылдамай қойыпты.

Тағы оқыңыздар: Діни басқарма қызметкерлері арасынан «порножұлдыздар» шыға бастапты (ВИДЕО)

Айтуынша, ол тек мектептегі төбелеске ғана келеді екен. Қалай дегенмен де қызым мектепке кіре алмай қалды деген тұрғын баламның құқын шектеді деп енді директордың үстінен сотқа шағым түсіруге бекініп отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0