пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
1oC
1xadv
×

Өскеменде арақ ішіп, бір-біріне пышақ тіреп селфилеткен шенеуніктер жазаға тартылды

Суреттерін желіге салып, жұлдыз болғандар! Əдепті бір жола ұмытқан өскемендік елуден астам шенеунік ақыры жазаланып тынды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап NewTimes ақпараттық агенттігі.

Əдеп жөніндегі кеңес енді ондайларды жұмыстан шығарамыз деп отыр. Себебі, әріптестерінің әлеуметтік желідегі «қызықты өмірімен» танысқан бюродағылар есінен тана жаздаған. Шенділер стақан соғыстырып, тіпті қымбат қызыл арақ ішіп отырған суреттерін мақтанып ғаламторға салыпты. Той-томалақ тұрмақ, шенеуніктердің жеке пәтерде арақ ішіп жатқан суреттері де бар. Ал тергеушілер болса, кабинетте контрабандалық арақпен түскен. Бір-бірінің аузына автомат тіреп, аңшылықтағы олжасын көрсетіп мақтанғандар түгел тәртіптік жазаға тартылды. Әскерилер де пагондағы әріптестерінен қалыспапты. Адамға пышақ тіреп селфилеткен. Небәрі бірнеше күннің ішінде әлеуметтік желіден осындай 309 сурет тауып, көзін жойған Мемлекетік қызмет істері жөніндегі Агенттік енді «мақтаншақ» әріптестерін аямаймыз деп отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0