четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Ашынған саясаткер Білім министріне: "Халықты тонауды тоқтатыңыз!"

Танымал саясаткер əрі қоғам белсендісі Жəнібек Қожықтың пайымдауынша ел қазынасынан Білім министрлігіне бөлінетін қаражат мағынасыз жұмсалуда, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Саясаткер Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың назарына арнап елді шулатқан проблеманы көтерді. Тіпті еліміздің бас мұғалімі Ерлан Сағадиевтен халықты тонауды тоқтатуды талап етті. Бұл туралы Жəнібек Қожық желі парақшасында жазды.

"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың назарына!

Халықты тонауды тоқтатыңыз, министр Сағадиев мырза!

Бүгін мектеп балаға қандай білім мен тәрбие берсе, елдің болашақ тағдыры сондай болары сөзсіз. Қазіргі мектептегі білімнің жағдайы елді қатты алаңдатып отыр. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің жасап жатқан білім реформасына халықтың көңілі мүлдем толмайды.

Ол туралы қарапайым халық түгілі, парламент депутаттары да бірнеше рет өз қарсы сауалдарын жолдады. Бірақ, сыннан шыққан нәтиже жоқ.

Жақында маған балалары дайындық сыныбында оқитын бірнеше ата-ана хабарласып, өздерін алаңдатқан жағдайларын айтқан еді.

Биыл дайындық сыныбына баратын оқушы 18 түрлі кітап оқиды екен. Ол кітаптардың бәрін ата-анасы сатып алуға мәжбүр. Мемлекеттен қаржы бөлінбейді.

18 түрлі кітаптың базардағы бағасы 30 мың теңге тұрады" делінген жазбада автор бұл мəлімет дəлелді болу үшін кітаптарды тізбектеп шыққан.

"Бұл 30 мың теңге тек кітаптардың ақшасы, ал оқушының портфель, қарындаш, дәптерлер, ермексаз т.б құрал-жабдықтарды қоссаңыз, бұл ақша 40 мыңға жетеді. Биыл бірінші сыныпқа 380 мың бала барды десек, келер жылы 400 мың бала мектепке барады екен. Сонда 400 000 х 30 000 = 12 000 000 000 теңге (12 миллиард теңге). Бұл өздері зорға күнелтіп отырған қарапайым халықтың қаржысы. Ата-ана бала үшін өмір сүреді, баласын қатарынан қалдырғысы келмейді. Сондықтан да кітаптарды алуға мәжбүр болады. Ал кітаптің сапасы нашар, сөгіліп жатыр, мазмұны өте қиын, салмағы 5 жасар балаға өте ауыр. Бірақ халықта басқа таңдау жоқ.

Халық 12 миллиард теңгесін тамағынан жырып «Алматы кітап» баспасының қожайынының қалтасына салуға мәжбүр. Бұл халықты ашық тонау деген сөз. Ел қазынасында қаражат жоқ дейін десең, жыл сайын республикалық бюджеттен білім және ғылым министрлігіне триллиондаған теңге бөлінеді. Бұл қаражат мағанасыз жұмсалуда. Жыл соңында білім министрлігі миллиардтаған ақшасын игере алмай, кері қайтарады. Бұл жерде сыбайлас-жемқорлық жақсы жұмыс жасап тұрған болуы мүмкін? Біз, Ерлан Сағадиевтан халықтың 12 миллиард теңгесін қайтаруын талап етеміз!" деп жазды қоғам белсендісі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0