среда, 24 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Астана тұрғыны атышулы Төлешовтың зәулім үйін музейге айналдыру қажеттігін ұсынды

Астана тұрғыны мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешовтің зәулім үйлерінің бірін музей жасап, табысқа батуға болатынын айтты, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Елордалық азамат Серғали Балажан бұл туралы ойын желі парақшасында жария етті.

«Ақымақтар! Мына Тоқтар Төлешовтың үйінің ауласын түгел бұзып, енді ғимараттың өзін Білім басқармасына бермекші. Әдемі нәрсені неге бұзады? Вандализм.

Негізі осы үйдің бір тасын жылжытпай, музей істеп қойса, жергілікті бюджетке әжептеуір ақша түскен болар еді. Мемлекетті басып алмақ болған адамның қандай үйде тұрғанын көргісі келетіндер көп қой. Қару-жарақтарын, киімдерін, басқа да қызықты дүниелерін экспонат етіп қойып қой» деп жазды Серғали Балажан. Астаналықтың бұл ұсынысы желідегілердің талқысына түсті. «Бұзбай-ақ кәдеге жаратуға болмай ма?”, «Былтыр бір ақпаратта көше түсетін жерді қоршап қойған, сол үшін бұзып жатыр деп еді ғой», «Бұзады, бұзуға ақша бөлінеді. Әйтпесе біреулердің қалтасына ақша түспей қалар» деп жазған желідегілердің арасында автордың мұнысын құнды ұсынысқа теңеді.

Тағы оқыңыздар:Тойда жартылай жалаңаш билеген биші еркектердің шақуатын оятты (ВИДЕО)

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың басында бүкіл елді дүрліктірген арнайы операция кезінде құқық қорғау қызметкерлерінің қолына түскен шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешовтың төрт зәулім үйі Шымкент қалалық әкімдігінің меншігіне өтетіні туралы хабарланған болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0