Ердоғанды ұстазым деген қазақстандық кәсіпкер АҚШ Қазақстанға Түркияның қолымен кіргенін мәлімдеді

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
03.10.2017 в 13:26

Ердоғанды ұстазым деген қазақстандық кәсіпкер АҚШ Қазақстанға Түркияның қолымен кіргенін мәлімдеді

Ердоғанды ұстазым деген қазақстандық кәсіпкер АҚШ Қазақстанға Түркияның қолымен кіргенін мәлімдеді Фетхуллах Гюлен, Фото fgulen.com

«Арландар» футбол клубының негізін қалаушы Фазылбек Әбсаттарұлы АҚШ Қазақстанға түрік лицейлері арқылы кірді деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Фазылбек Әбсаттарұлы бұл туралы ойын өзінің желі парақшасында жария етті. Ол алдымен Түркия президенті Реджеп Ердоғанмен тығыз байланыста екенін алға тартып, тіпті өзін саясатқа келуге шақырғанын да жайып салды.

«Ұстаздар күні құтты болсын! Түркияның президенті Р.Ердоғанға ризамын, қанша жерден уақыты болмаса да, "шəкіртіңіз келді" десе жолығуға уақыт табады.

Əр жолыққан сайын саяси тақырыптарға кірмеуге тырысамын. Себебі саяси көзқарастарымыз сəл келіңкіремейді. Одан қалды, бет жүзің бар демей айтып тастайтын əдетім бар.

"Саясатқа келсей. Əлемдегі белді саясаткерлерге сөзім өтеді, əйтеуір далада қалмайсың." осы тектес əңгімелер болады. Мен əрдайым қабылдамаймын. Себебі жаныма бизнес жақын. Ешкімге тәуелді болмауға тырысамын. Əрине, ол фето тақырыбын қозғайды. Бірақ мен тақырыпты бұрып жіберемін. Президенттің сөзін бөліп жібергеніме қасындағылар тыпырлап қалды.

Жалпы ол туралы ойым: мәселеге біржақты қарамау керек жəне Қазақстанның мүддесі бірінші кезекте тұруы керек.

Қазір екі жақ бір жақты пропаганда жүргізіп жатыр. Мен үшін екі жақтыкі де дұрыс емес. Қолдамаймын. Себебі екі жақтың түпкі саясатында Қазақстанның мүддесі жоқ» деген автор өз жазбасында тәуелсіздік алған жылдары Орталық Азия елдеріне АҚШ Түркияның қолымен кіргенін мәлімдейді. Ондағы мақсат – Ресейдің ықпалын азайту болыпты.

«Мысалыға, тәуелсіздікті жаңадан алған орталық Азия елдерінде Ресейдің ықпалын азайту мақсатымен АҚШ Түркияның қолымен кіргені шындық. Əйтпесе ол кездегі Түркия экономикалық та білім беру жүйесі жағынан да бізге көмектесетіндей жағдайда емес еді. Ол кездегі Түркиядағы білім беру саласының шындығын айтсам көңілдеріне келіп қалады. Керісінше біздің Кеңестік білім беру жүйесі күшті болатын жəне əлі күнге дейін білім беру саласының мамандары Кеңестік білім берудің мықты екенін мойындап келеді. Нағыз жаны ашыса əбден орныққан осы жүйеге ақша салулары керек еді. Ол кездері банк жүйелері орнықпаған, шетелден ақша аудара алмайтын кездері, ұшақпен чемодандап америкадан келген ақшаларды "ұстаздардың" қалай тасығанын білеміз. Алғашқы уақыттары тыңшылық əрекеттері үшін біразы ұсталды. Бірақ белгісіз себептермен іс жабылды. Одан кейін олар темірперденің ішіндегі жағдайға тез үйреніп ұсталмайтын болды. Өзбекстан мен Ресей ұстаздардың тыңшылар екенін анықтаған соң лицейлерді жауып тастады.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанның төл теңгесімен мұрнын сүрткен өзге ұлт азаматы жұрттың шамына тиді (ВИДЕО)

Ал олар бізге тереңінен кіре берді. ДА деген платформа арқылы Қазақстанның зиялыларын "қармаққа" іліп жатты. Ақын жазушыларымызды жыл сайын Түркияға тегін қыдыртып, кітаптарын бастырып, түрікшеге аудартты. Ықпалын күшейтті. Соңында солардың сөзін сөйлейтін "зиялылар" пайда болды. Алматыда Гүленнің халықаралық конференциясын өткізді. Гүленді ұлықтаған кезде Абай, Мұхтарларымыз шаң қауып қалды. Одан кейін билікке ықпал етуде тез жетістікке жетті. Барлық облыс əкімдерінің орынбасарлары лицей түлектері болу керек, сосын облыс əкімі болу керек еді. Шетінен орынбасарлыққа қонжиып жатқан кезде жағдай өзгеріп ол процесс тоқтады. Əйтпесе дерлігі отырып үлгерген еді. Осының барлығын Хизмет деген ұйым реттеп отырды...

Олардың былықтары бір кітапқа арқау. Немесе француздық (қателеспесем) доктор Балджының "Гүленнің Орталық Азиядағы миссионерлік саясаты" деген ғылыми еңбекті оқыңыздар...
Ал менің бұл жазғандарым құпия емес көпшілік білетін, дəлелденген, куəгерлері бар.

Бұлардың шетелдегі іс əрекеттері емес Қазақстанға қатысты жерін жаздым.

Ал Ердоған туралы көп жаза алмаймын. Себебі Қазақстанға саясатын жүргізуге енді талпынып жүр. Жүргізуіне қарсымын да. Ал түрік "ұстаздарға" қатысты белден басу əрекеті дұрыс емес. Бір елдің ішкі ісіне қол сұғу болып саналады. Кезінде кіріп кеткен сыртқы бір қолды басқа қол жұлып жатыр. Демек біздің ішкі істерімізге кез келген ел араласа алады деген сөз. Өз саясатымыз жоқ» деген Фазылбек Әбсаттарұлы отандастарымызға өзгелердің «қуыршағы» болып қалмау керектігін ескертіп, дабыл қақты.

«Сыртқы күштердің қуыршағы болып бір бірімізбен қырылыспайық. Біз бір елдің азаматымыз. Азаматтық санамыз жоғары болса ғана ел боламыз. Əйтпесе өз азаматтары бір бірін қырып мемлекеттігінен айырылып жатқан елдердің кейпін киеміз.
Қазақтың Қазақтан басқа досы жоқ! Бұл біздің пароліміз. Бəрін көріп, біліп отырып шындықты жазбау арыма сын. Қоғамдағы манипуляцияларға, қоғамдық пікірді əркім өз жағына бұрып жатқандарға шыдамай жаздым» деп ойын түйді автор.

Бұл жазба желіде қызу талқыға салынды. Автордың ойын қолдағандар табылғанымен, онымен келіспейтіндер де бар. Мәселен, желі қолданушысы Бауыржан Карипов автордың АҚШ Қазақстанға Түркия қолы арқылы кірді деген сөзінің ешбір дәлелі жоқ болғандықтан, күмәнмен қарады.

Комментарии  

erla
+2 erla 03.10.2017 в 18:47
фазыл бауырым сен қудың,,,,
Ответить
Gongun
+2 Gongun 03.10.2017 в 13:46
Автор сен көп түркілердікін шайнапсын!!!!
Ответить

Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать, перепечатывать и распространять на любых ресурсах материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика