Шымкенттік тұрғын қаланы «зың» деп бағалаған Әбдірахымовқа өкпесін жеткізді

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
04.10.2017 в 17:57

Шымкенттік тұрғын қаланы «зың» деп бағалаған Әбдірахымовқа өкпесін жеткізді

Шымкенттік тұрғын қаланы «зың» деп бағалаған Әбдірахымовқа өкпесін жеткізді Фото: Дәурен Болыстың желі парақшасынан алынды

Шымкент тұрғыны Дәурен Болыс желі арқылы шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың назарына өзі куә болған проблеманы жайып салды, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Ер азаматты жауыннан кейінгі қаланың жағдайы мазалап отыр.

«Қаланың "зың" əкімінің назарына!

Жаңбыр жауса жолдарды су басады. Арық-атыздар қоқысқа толған немесе дұрыс орнатылмаған, яки арық жоқ. Болмаса мынау жап-жаңа жол. Қайтпас-1-ден Тассай бағыты» деп ашынды Дәурен Болыс. Тіпті автор көтерген мәселесі дәлелді болуы үшін көлге айналған көшенің фотосын да желіге жүктеді.Әкімнің назарына ұсынған проблеманы оқыған желідегілер заңды қатайтпаса, жол саларда мердігер компания өз жұмысына жауапсыз танытатынын алға тартып, қаланың «теңізге» айналғанын жеткізді. Ал Жәнібек Абдуллаев есімді қолданушы болса, шаһар атауын «Венеция» деп өзгерту керектігі туралы ұсыныс айтты.


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика