Қас пен көздің арасында сатушының телефонын қолды еткен жігіт елдің жағасын ұстатты (ВИДЕО)

 +7 (7172) 308 571

Написать нам
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
05.10.2017 в 11:00

Қас пен көздің арасында сатушының телефонын қолды еткен жігіт елдің жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Қас пен көздің арасында сатушының телефонын қолды еткен жігіт елдің жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Дәріханалардың біріне дәрі алуға келген жігіт ұрлық жасау арқылы оңай олжаға кенелді. Алайда оқиғаның еліміздің қай өңірінде орын алғаны белгісіз, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде дәріхана сатып алушысының ұрлық әрекетінің видеосы пайда болды. Онда дәріханаға келген жігіт провизордан әлденені сұрап, сол сәтте сатушының үстел үстінде тұрған телефонын қолды етеді. Клиенттің сұраған дәрісін әкеп берген сатушы бұл сәтте телефонын іздеп, дал болғанымен жігіт түк болмағандай дәрінің ақшасын төлеп, ізін суытады. Жігіттің ұрлық жасау операциясы дәріхананың бақылау камерасына түсіп қалған. Видеоны көрген желідегілер ұрлық жасаған жігітке ашынды.

«Құдайдан қорықпайды екен. Тіптен қорқынышты», «Осы жұрттарды түсінбеймін. Қазір аттап бассаң, бақылау камерасы. Бірақ сонда да ұрлыққа барады», «Масқара, мен де дәріханада істеймін ғой,солай телефонымды қоя саламын. Сабақ болды маған мынау», «Қорқып тұрған ол жоқ. Әп-сәтте ұрлық жасап, міз қақпай тұр» деп пікір қалдырған желідегілер сатушының ұялы телефонын қолды еткен азамат ертелі-кеш қолға түсетініне сенімді болды.

Подпишитесь на наш канал в YouTube - смотрите новости первыми!


Редакция

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. При цитировании информации гиперссылка на ИА «NewTimes.kz» обязательна. Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2012-2017, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

Яндекс.Метрика