пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Қоғамдық автобуспен жүретін алматылық миллионер қарапайымдылығымен елді сүйсінтті

Алматылық миллионер Қайрат Құдайберген қоғамдық автобуспен жүретінін мәлім етті, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде қалталы азаматтың автобустағы фотосы пайда болды. Оның суретін әлдебір қолданушы өз парақшасында жүктеп, бизнесменмен бір автобуста келгенін айтып, азаматтың мұнысына таң қалған. ZTB тілшілері бизнесменмен хабарласып, мән-жайды сұрағанында кәсіпкер фотодағы азаматтың өзі екенін растады.

«Иә, ол менмін. Қарапайым халықтың қандай проблемаларға тап болатынын көзбен көру үшін аптасына осылай бір рет қоғамдық автобуспен қатынаймын. Меніңше бұның пайдасы бар, өткеніңді еске түсіреді...»,-деді Қайрат Құдайберген.

Миллионердің бұл жауабы желідегілерді сүйсінтті. Басым көпшілігі оның қарапайымдылығына тәнті болып, ісіне береке тіледі. Және де өзге де бақуатты азаматтарға үлгі боларлық іс деп баға берді. Дегенмен бизнесменнің бұл әрекетін пиарға балағандар да табылды.

Айта кетерлігі, кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің есімі Ақтөбеде орын алған су тасқынынан зардап шеккен отбасыға пәтер сыйға тартқаннан соң ел ішінде кеңінен танылды. Одан өзге бизнесмен түрлі қайырымдылық шараларында да төбе көрсетіп жүр. Жуырда ғана миллоинер Алматы зообағының қарызын жауып берген болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0