четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Ішімдікке сылқия тойған шымкенттік келіншек емізулі баласын жоғалтып алды

Оңтүстікқазақстандық полицейлер алкогольді ішімдік ішеміндепжеті айлық сәбиін жоғалтып алған келіншектің шағымы бойынша іс тіркеді, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін таңертеңгілік уақытта 32 жастағы келіншек баласын белгісіз аумақта қалдырып, есіне түсіре алмағандықтан сәбиіне іздеу жариялап полицейлерден көмек сұрап келді. Келіншектің сөзінше, ол баласын қала шетіндегі Қайнарбұлақ саяжайында қалдырып кетуі мүмкін. Қаратау аудандық полиция бөліміндегілер жергілікті тұрғынның шағымын тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастады.

Тағы оқыңыздар: Көшеде тұрып дәрет сындырған ер кісі жұрттың ашуын тудырды (ВИДЕО)

Осы ретте полицейлер жеті айлық сәбиді көргендер болса, Шымкент қалалық ІІБ Қаратау аудандық полиция бөлімінің көрсетілген байланыс нөміріне: 8-(7252)-47-60-02, 8-701-712-24-73 немесе 102 хабар беруін сұрайды.

Белгілері: еуропалық нәсілдегі ұл бала, ақсары шашты, бойы шамамен 65-70 см.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0