среда, 24 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Саясаттанушы: «Шенділер қазақ тілін менсінбеуін доғармаса, түбі жамандық болады»

Елге белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы жылы "креслода" отырған шенділерге ескертпе жасады, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Саясаттанушының пікірінше, елдегі кейбір шенділер мемлекеттік тілге «пысқырып» та қарамайды. Яғни, менсінбейді. Расул Жұмалы оның соңы жақсылыққа әкелмейтінін кесіп айтты.

«Биыл Қазақстанның мемлекеттік тілі Қазақ тілі деп жарияланғанына 28(!) жыл толды. Алайда көргеніміз - баяғы жартас: Бөгде тілдегі министр, әкім, депутат, қоғамға қызмет, ақпарат, теледидар, мәдениет, т.б. Бұл аралықта совет шекпенінен шыққан бар республикада мемлекеттік тіл жаңғырды, құтты орнына жайғасты, жалғыз бізде Қазақ тілі қудалануда. Әйтпесе Қазақша қызмет сұраған азамат неге сотталады, енді бірі ондай талабы орындалмағанда неліктен аштық жариялауға бекінеді? Қазақстандай өз тілінің жанашырын қорлаған ел бар ма әлемде? Расы сол, билік үндемесе де, заман өзгерді, халықтың санасы мен намысы оянды. Шыдамның да шегі бар. Айтпағым бір: шенділер осылайша Ата заң мен Қазақ тілін менсінбеуін доғармаса, түбі жамандық болады» деп жазды саясаттанушы желі парақшасында.

Жазба авторының бұл пікірі желіде қызу талқыланып, қолданушылар мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге қатысты өз пікірлерін жаудырды. Соның ішінде танымал тарихшы Ғали Әзімбай «Мемлекеттік тілді білмейтін министр көп, атын атап шайқаса беру керек» деген ойын жеткізді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0