суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Немересімен бірге рэп оқыған әжей желіні жарды (ВИДЕО)

Рэп оқыған 78 жастағы әже Қазнет жұлдызы болды, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Желіде кейуана Мариям Амраеваның рэп орындаған сәтінің видеосы пайда болды. Әжей бұл әнді немерелерінің көмегімен орындап шықты. Өз сөзінде қарт әжей күллі Қазақстанмен сәлемдесіп, кейіннен өзі туралы қысқаша ақпарат береді. Тіпті рэп әндерін студияда жаздыратынын алға тартқан ол бұл орында дәріханаларға қарағанда жиі болатынын атап өтеді.

Әжейдің өнерін тамашалаған желідегілер оның өнеріне тәнті болып, елдің қошеметіне бөленді. Желідегілердің басым көпшілігі кейуанаға ұзақ ғұмыр тілеп, позитивті көңіл күй сыйлайтын қариялардың арамыздан табылуы жастарға үлгі екенін атап өтті. Айтпақшы, бұл видеоны желіге алғаш болып әжейдің немересі Дильшод Ибрагимов жүктеген.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: