пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

ОҚО-да аяқ киімнің жоқтығынан 11-сыныптың оқушысы мектепке бара алмай жүр

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіне Сарыағаш ауданы Қоңыртөбе ауылындағы көпбалалы отбасының ауыр тұрмысы жайында жазды. Үйдегі 8 баланың үлкені 11-сыныпта оқиды екен. Ол мектепке киіп баратын аяқ киім таппаған соң оқуына бара алмай жүр екен.

Балалардың аянышты жайын жазған Ұлықбек Үмбет есімді азамат көпшіліктен бұл отбасыға көмек беруін сұрап отыр. Ата-ана таңның атысынан кештің батысына дейін базарда, сауда жасап балаларына нан тапқаннан қолдары босамайды. Ал, жеті бала өздігімен тәрбиеленіп, күн көруге мәжбүр.

«Отағасы мен отанасы Абай ауылына саудаға кетіпті. Үйде кішкентай 7 бала қалған. Үлкені 11 сыныпта оқиды екен. Ол да аяқ киім таппағандықтан сабаққа бара алмай жүр. Мен барғанда төрт жасар ұлы естен танып құлап жатыр екен. 4 сыныпта оқитын әпкесі інісінің тілін тартып шығару арқылы ажалдан аман алып қалыпты. Қайда хабарласуды білмей отыр екен. Үйдің іші салқын. Еден мен қабырға сыз», ― дейді Ұлықбек Үмбет.

Жас жігіт дереу аудандық ауруханаға хабарласып, дәрігер шақыртыпты. Дәрі егілгеннен кейін ғана кішкентай бала есін жиған.

«Аянышты жағдай қалтамдағы аз кем ақшаны беріп терезелерін тым құрыса кленкамен жауып қойыңдар дедім. Сол ауылдан сайланған депутат Арын бір тонна көмірден көмектесетін болды. Мүмкін болса осы отбасыға көмек қолын созатын қайырымды азаматтар көмектессе дұрыс болар еді. Көмір, қаржы, киім, тамақ барлығын беруге болады. Ол үйде сегіз бала бар», ― деді жазба авторы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0