×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
01.07.2015 в 23:15

Өгемдегі 3500 метрлік шыңға «Ассамблеяға 20 жыл» атауы беріледі

Жақында Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХVІІІ сессиясы өткен болатын.

Сессия «Мәңгілік ел» – жалпықазақстандық бірегейлік негізі» тақырыбына арналған еді. Сессия барысында облыстағы этномәдени орталықтардың төрағаларынан, мүшелерінен бірқатар ұсыныстар келіп түсті. Бүгін сол сессияда айтылған мәселелерді талқылау мақсатында Шымкенттегі «Қоғамдық келісім» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында облыстық этномәдени бірлестік басшыларымен кездесу өтті. Кездесуге облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен аналар қауымдастығының төрайымдары мен жастар қанаттарының басшылары, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Жиынға төрағалық еткен Оңтүстік Қазақстан облысындағы ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Халмұрадов   алдымен жиылған көпшілікті таяуда ғана тағайындалған «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің төрағасы Ербол Байқонақовты таныстырды. Өз кезегінде сөз алған Ербол Сүлейменұлы мекеменің басты қызметтерін атап өтті.

- Өздеріңізге белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты тұрақтылық пен бейбітшілік. Біздің мақсатымыз --президенттің сол саясатын одан әрі дамтыу. Яғни біздің қызметкерлер аймақтағы мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу, облыстағы түрлі мәдени орталықтардың қызметін үйлестіру, өткізетін іс-шараларына жәрдемдесу және этностардың мәдениеті мен тілдерін өркендету, дамыту, материалдық көмек көрсету, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру болып табылды,- дейді ол.

Ербол Байқонақовтың сөзіне қарағанда, мекемде қазір кезде 36 қызметкер жұмыс істеуде. Бұларға қосымша Түркістан, Төлеби,  Мақтарал, Сарыағаш, Сайрам аудандарында «Қоғамдық келісімнің» филиалдары құрылған. Оларға 15 штат берілді.  Мекемеге қарасты жалпы шата саны 72-іні құрайды. Олардың бірқатарына бүгінде басшылар тағайындалып үлгерген.

Кездесу барысында Мұратәлі Халмұрадов Қазақстанның бірлігін нығайтып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай атқарылар бірқатар жоспарларды атап өтті.

--Елдің мызғымас бірлігі мен бұлжымас татулығын ту еткен ең белді институттардың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл – 20 жыл толып отыр. Айтулы датаның бағасы мен мәртебесін ескере отырып, президент Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялағаны белгілі. Елдегі бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық пен татулықты сақтап, дамытудың бірегей тетігіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы шын мәнінде, бүгінде еліміздің өшпес құндылығы – Тәуелсіздікке тірек болған Ел бірлігінің ең басты тұтқасына айналды. Мерейлі датаға орай біздің облыста ауқымды жоспарлар жасалынуда. Атап айтар болсақ бекітілген кесте бойынша облыстың барлық өңірінде этномәдени орталықтар мен халықтың арасын жақындата түсу үшін түрлі кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен мерекелік іс-шараларды ұйымдастырмақпыз. Сондай-ақ жиырма жылдық белеске біздегі орталықтардың тыныс-тіршілігін кеңірек насихаттау, олардың өмірін халыққа таныстыру мақсатында альбом-кітап шығаруды қолға алып отырмыз. Одан бөлек 31-ші шілде мен 2-ші тамыз аралығыда жиырма жылдыққа орай «Біздің таулар» фестивалін ұйымдастырмақпыз. Өгем тауларының шыңын бағындырғысы келгендерге біз қолдау көрсетуге дайынбыз. Фестивальге 300-ге тарта адам қатыса алады және «Қоғамдық келісім», этномәдени бірлестіктердің мүшелері де бұған атсалыспақ. 3500 метр биіктікті бағындырған адам жеңімпаз болып табылады және сол шыңды «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл» деп атауды көздеп отырмыз,- деді ол.

Жиын соңында сондай-ақ славян, иран және шешен-ингуш этномәдени бірлестіктерінің төрағалары сөз сөйлеп, бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика