×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
02.07.2015 в 23:20

Татар-башқұрт мәдени орталығы Сабантой мейрамын атап өтті

Шымкенттегі  Абай  атындағы саябақта  жұртшылық көп жиналды:халық әуендері ойналып, ойнақы әуендер жиналғандардың делебесін қоздырғаны сондай, көпшілік қалайша билеп кеткендерін байқамай да қалды. Жан-жақтан жарқын-жарқын  дауыстар мен көңілді күлкі  естіліп жатты.

Көктемгі дала жұмыстарынан босаған жұртшылық бұл күні Абай  саябағына  жиналды. «Келер күз жиын-терін мол болсын» деген ниетпен татар ағайын ағынан жарылды. Сабантой мейрамы өткен ғасырдың  90-жылдарынан бастап Татарстан Республикасында мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. Бұл - татар ұлты ұлттық дәстүрлерін ұлықтайтын күн. Ұлттық тағамдар әзірленіп, ұмытылып бара жатқан дәстүрлер жаңғырады. Театрландырылған қойылымдар көрсетеді. Бұл біздің өңірде де үрдіске айналған.

Орталық аллеяда Оңтүстік Қазақстан облысының татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің қызметі туралы әсем безендірілген ақпараттық құралдар қойылған, ал кулинарлар келушілерге тіл үйірер чак-чактан ауыз тиюді ұсынып жатты. Татарлар мен башқұрттардың дәстүрлі мерекесі Сабантойда қонақтарды тап осылай қарсы алады.

Облыс әкімінің орынбасары Е. Айтаханов пен Оңтүстік Қазақстан облысы ҚХА хатшылығының басшысы мерекенің құрметті қонақтары болды.

- Бүгінгі мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы жылында өтіп отыр, сондықтан да мұны бейбітшіліктің, келісімнің, дәстүрлер  мен мәдениеттің жылы деп айтуға болады.  Сабантой  - татар халқының  дербес мәдениетінің қайнар бұлағы, оның жан дүниесін көрсететін мереке және таланттарды таныту, күш сынасып, ептілік пен тапқырлықты көрсету  үшін жақсы мүмкіндік.  Татарлар мен башқұрттардың этномәдени бірлестігі біздің көп ұлтты қоғамның дамуына өз үлестерін қосып жатқаны құптарлық жай, - деп атап көрсетті   Е. Айтаханов.

- Осындай халықтық іс-шараларға қатысуға тілек білдіретін жастардың саны жыл сайын өсіп келе жатқаны қуантады, - деп атап көрсетті облыстық славян этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю. Кирюхин. – Бұл әрбір этностың дәстүрлері мен салттары сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жететіндігін білдіреді.  

- Бүгін сабантой мерекесінде адамдардың қарым-қатынастарында мейірімділік пен қуаныш, өзара түсіністік пен бақыт сезілді. Саябақты ең таза, жарқын сезімдер толтырып тұрғандай, - деп өз әсерін білдірді ҚР Қарулы күштері ішкі әскерлер майоры  А.Ахмеджанова.

 

Сабантойдің өз бағдарламасы да бар. Ол ешқашан дәстүрлі ұлттық ойындарынсыз өтпейді. Ер жігіттер ауыр заттарды көтеріп, өздерінің ептілігі мен күшін танытса, әйелдер өздерінің әсем дауыстарымен, ас әзірлеу шеберлігімен тәнті етуге тырысады.

Тағы бір ерекшелік: бұл мерекеде өзіңе өмірлік сыңар іздеу қалыптасқан. Адамдардың көп келгеніне қарап, біреулерді өз бақытын тапты деп болжауға болады. 

Сабантой - еңбек мерекесі. Қазақстан халқын бір орталыққа біріктіріп, тұрақты қоғам құруға бағытталған іс-шаралардың бірі. Қазақстан халқы  Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму жоспарына енген Сабантой мейрамы жыл сайын үзіліссіз атап өтілетін мереке. Ұлық мерекенің куәсі болған қала тұрғындары да ризашылықтарын білдіріп жатты.  Бұл бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, ортақ мақсатқа жұмылдыратын мереке. Сондай-ақ, тіршіліктің бастауы, молшылық пен жаңа өмір жаршысы болмақ.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика