×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
04.07.2015 в 23:28

«Қоғамдық келісім» мекемесі мен оның 5 филиалы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында маңызды 33 іс-шара өткізу жоспарланса, 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта 21 іс-шара өтті. Бұл туралы ОҚО әкімі А.Мырзахметовтің 2015 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары бойынша есепті жиынында айтылды.

2014 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің № 408 қаулысы қабылданған. Осының негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі облыстық комиссияның құрамы бекітілді.

Алғашқы жартыжылдықта Түркістан қаласында «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» республикалық эстафетасының бас белгісі «Тайқазанды» ұлықтау рәсімі – «Тайқазан – игілікті істердің символы»  салтанатты шарасы өтті. Жалпы облыс көлемінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында маңызды 33 іс-шара өткізу жоспарланса, 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта 21 іс-шара өтті.

Облыстық деңгейде мемлекеттік органдардың этносаясат саласындағы жұмысын үйлестіру бойынша Ассамблея хатшылықтары меңгерушілерінің рөлі мен жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен облыстық Ассамблея хатшылығы меңгерушісінің лауазымы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі болып бекітілді.

Сонымен қатар, облыстық Ассамблея қызметін нығайту мақсатында Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласы  әкімдері аппараттарында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын штаттық бірлік қарастырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесі құрылып, бұрынғы «Жастар орталығы» орналасқан ғимаратқа көшірілді. Штат саны 72 бірлікке жеткізіліп, Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласында оның филиалдары ашылды.

Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің балансына бұрынғы «Қазақстан» кинотеатрының ғимараты берілген. Этносаралық қоғамдық қатынасты нығайту мақсатында биыл аталған ғимаратты «Достық үйі» етіп қайта құру мақсатында ТЭН және ЖСҚ әзірленуде. Келешекте ол жерде Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттеріне қызмет ететін іс-шаралар өткізуге болады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі құрылды. Бұл Кеңестің негізгі міндеті – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттары, саяси және үкіметтік емес ұйымдар, басқа бірлестіктердің басын бір арнаға біріктіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу. Осындай кеңестер облыстың аудан, қала, ауыл, кент, ауылдық округтерінде де құрылды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика