×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
05.07.2015 в 23:33

Ассамблея тұрақталықты сақтауға үлес қосып келеді

Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істегелі жиырма жыл ішінде оның облыстардағы өкілдіктері де елдегі ұлттар татулығын, қоғамдық саяси жағдайдың тұрақталығын сақтауға ерен үлес қосып келеді. Бұл туралы ОҚО Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Халмұрадов мәлім етті.

Оның айтуынша,  өңірлік ассамблеяның құрамында қоғамдық институттар, ғылыми-сараптамалық топтар, аналар, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Облыста 20 облыстық, 51 аудандық этономәдени бірлестік құрылған. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен «Қазақстан халқы Ассамблеясы—20 игілікті іс» республикалық акциясына орай облыста 1500 шара өтіп, 700 азаматқа материалдық көмек көрсетілген. 

Соңғы жылдары облыста көптеген тарихи-мәдени, этнографиялық нысандар бой көтерді. Айталық, Түркістан қаласында этнографиялық орталық, «Ерлік» мұражайы, «Отырар» кітапханасы, «Ел бірлігі» монументі пайдалануға берілді.  Ал Шымкенттегі «Наурыз» алаңы ұлттар таулығын паш ететін бірегей нысанға айналды. Мұнда қазір тарихи-өлкетану мұражайы, салт-дәстүр орталығы орналасқан. Облыста сондай-ақ, Халықтар достығы үйі, облыстық қазақ, орыс, өзбек драма театрлары бар.

Облыстық мәслихатта «Ел бірлігі» депутаттық тобы жұмыс істейді. Топқа мүше халық қалаулылары өңірдегі ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеуге, келісімді сақтауға өзіндік үлестерін қосып келеді. Сонымен бірге аналар кеңесі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универсиетінде «Достық» клубы, №8 мектеп-гимназиясында «Шаңырақ» клубы құрылған. Бұл ұйымдардың басты мақсаты жастарды жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Облыстағы тұрақтылық пен татулыққа облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен жұмыс істей бастаған «Ырыс алды -- ынтымақ» форумы да үлкен үлес қосты. Құрылғалы бері форум аясында 200 іс-шара мен мыңға жуық халықпен кездесулер өткізілген. Бұл тәжірибені ары қарай жалғастыра беру қажет.

--2015 жыл Қазақ мемлекеттігі тарихындағы бірқатар айтулы оқиғалармен, атап айтқанда Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясыны 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы секілді мерейтойларды атап өтумен ерекшеленбек. Осы орайда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президенті етіп бірауыздан сайлаған саяси науқанның орны ерекше екенін атап өткеніміз жөн. Бұл оқиға кезекті рет оңтүстікқазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағын, жасампаздығын, таңдаған жолдың дұрыстығын, халықтың мемлекет және Ұлт көшбасшысына деген сенімін көрсетті,--деді өзінің баяндамасында М.Халмұрадов. Оның ойынша  қоғамдық келісім барлық халықтың басты ұстанымы болуға тиіс. Көптің мұраты тыныштық. Ал, ынтымақ пен тыныштықты жолдас еткен елде қашанда береке-бірлік болады. Бүгінде ынтымағы жарасқан қазақстандықтардың бір ғана мақсаты бар. Ол – егемен елді Мәңгілік ету. Ал, бұл арманға апаратын жалғыз жол – бейбітшілік.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика