×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
05.07.2015 в 23:37

Қазақ тілі барлық қазақстандықтарды біріктіреді

«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін». Елбасымыз Н.Назарбаевтың осы сөзі қазақ тілінің мемлекет үшін, оның келешегі үшін қаншалықты маңызды екендігін, тілге қатысты саясатты батыл жүргізетін кездің келгенін көрсетіп бергендей болды. Елімізде Елбасының бастамасымен Мемлекеттік тілді дамыту қоры құрылды.  Отандық жетекші телеарналардың журналистеріне берген сұхбатында мемлекет басшысы  «Бүгінгі күні бүкіл қазақстандықтардың, қандай ұлт өкілі болса да, қазақ тіліне деген ынтасы бар. Сол ынтаны қолдап жіберуіміз керек» — деген болатын.

«Қазақстан -2050»  стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы тіл туралы мәселеге тоқтала келе:

 --Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65% пайыздан асты. Қазақтың саны 4 миллионға артты. Егер  әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»,--деді Президент. Өзінің жолдауында Елбасы «біздің міндетіміз–2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу,-- деді.

Жуырда өткен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясында да осы мемлекеттік тіл және өзге ұлттардың қазақ тіліне деген қызығушылығы туралы мәселе көтерілді. Жиында баяндама жасаған азаматтар:

-- Қазақ тілі жыл санап шын мәнінде қоғамдағы ұлтаралық тілге айналып келеді. Бүгінде мемлекеттік қызметке тұру, жақсы кәсіби білім алу, сонымен бірге бәсекеге қабілеттілік,  қоғамдағы жақсы ахуал, бәрі-бәрі мемлекеттік тілді білумен байланысты,--деген пікір білдіріп, ол көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты.

Облыста мемлекеттік тілді оқытатын 14 орталық ашылған. Олардың барлығы да мемлекеттік мекеме және тіл оқыту қызметін тегін ұсынады. Сонымен бірге облыста 35 жекеменшік тіл үйрету орталықтары жұмыс істейді.

Облыста қазақ тілін жетік білетін өзге ұлт өкілдерінің үлесі ересектер арасында 70 пайызды құраған. 2013 жылдан бастап Оңтүстікте құжат айналымы 100 пайыздық көрсеткішке жетті. Бұл жағынан алғанда Оңтүстік Қазақстан облысы өзгелерге үлгі көрсетіп келеді.

Жиында Оңтүстік Қазақстан обылысының Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этномәдени бірлестіктерді мемлекеттік тіл мәселесіне мейілінше баса назар аударуға шақырды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика