+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
07.07.2015 в 23:41

ОҚО-да Ассамблея хатшылығы мен этномәдени бірлестіктер ауызашар берді

Бірлігіміздің, ынтымағымыздың нышаны ретінде мұсылман қауымды бір шаңырақ астында жинап, ақ жаулықты аналар мен аталардың, жалпы иісі мұсылман бауырларымыздың батасын алу үшін Оңтүстік Қазақстан облысында Ассамблеясы хатшылығы мен облыстық этномәдени бірлестіктер бірігіп ауызашар берді.

Дастархан басына ауыз бекіткен облыс жамағаты, ардақты аналарымыз, қала мен ауылдық аймақтың қадірменді қариялары, қажылар, әлеуметтік мұқтаж жандармен бірге облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов, «Ел бірлігі» депутаттық тобының өкілдері, облыстық этномәдени бірлестік төрағалары да  жиылды.

Ауызашарда мешіт имамы діни уағыз айтып, облыс бойынша имандылық ошақтарына қамқорлық көрсетіп жүрген, облыс басшыларына жамағат атынан разылығын жеткізіп, Жаратушыдан шарапат тіледі.

– Рамазан – рухани жаңару айы. Аллаһтың адам баласына берген шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза – тікенді жерге табан тигізбей, сақтанып жүретініміз секілді, күнәға бетпе-бет келуден сақтайтын, жан-дүниемізді, мінез-құлқымызды жақсылыққа тәрбиелейтін, рухани түлеп шығатын құлшылық. Ауыз бекітудің адам өмірін ізгілікке бастайтынын білген пенденің, одан бас тартуы мүмкін емес. Сол сияқты ауыз бекіткен адамға ауыз ашар берудің сауабы қаншалықты екенін, әсте естен шығармай, игі амалдарымызды көбейтейік, – деді ОҚО әкімінің орынбасары Е.Айтаханов.

Рамазан айындағы сауапты істердің бірі – тұрмысы төмен отбасының балаларына жасалған көмек. Оларға әлеуметтік қызметкерлер арқылы мектеп формасы үлестірілді.

Сондай-ақ, жиын барысында ұйымдастырушылар облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, облыстағы Ассамблея хатшылығының тұңғыш хатшысы болған Сейдахмет Байдәулетов ақсақалға шапан, ал облыстық Ассамблея хатшылығының бас инспекторы Т.Құрманбаеваға камзол жауып, ізет көрсетті.  


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика