×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
08.07.2015 в 09:48

Этномәдени бірлестік өкілдері: «Қазақстаннан көп елдер үлгі алуға ынтық»

ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бастамасымен Төлеби ауданының Киелітас, Тасарық, Көксәйек, 1 мамыр елді мекендерінде тұрғындармен кездесу өтті.  Елбасы Н.Назарбаев айқындаған Ұлт жоспарының төртінші бағыты бойынша насихаттық жұмыстар жүргізілді.

— Ұлт жоспарындағы «Біртектілік пен бірлік» атты тармағында айтылған тұжырымдар ел бірлігінің нығаюына  бағытталған игі қадам.  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел — үлкен отбасы» атты кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру — қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызбақ, — деп сөз бастаған ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары – облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов кездесулерде Ұлт жоспарының бірлікке бағыттаған қадамдарына тоқталды.

 Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов, облыстық өзбек, күрд, шешен-ингуш, қырғыз бірлестіктерінің төрағалары этносаралық келісімді сақтау тақырыбында ойларын ортаға салды. 

— Елбасының аталған ұлт жоспарындағы біртектілік пен бірлік деген тармағында айтқан тұжырымдары үлкен ой салды. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел-Үлкен Отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады, — деп атап өтті шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Бациев.

Ал, аудандық славян этномәдени бірлестігінің өкілдері ішкі бірлікті нығайту мәселесіне тоқталып, Ұлт жоспарын  жүзеге асырудың маңыздылығы жөнінде пікір білдірді.

— Биылғы жылдың Ассамблея жылы деп аталуының өзінде үлкен мән жатыр. Бүгінгі күні Қазақстанды Достығы жарасқан ел ретінде барлығы таниды да, біледі де. Қазақстаннан көп елдер үлгі алуға ынтық. Бұл бізге Ассамблея арқылы туризмді дамытуға зор мүмкіндік береді. Оған еш күмән жоқ, — дейді этномәдени бірлестіктер өкілдері.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика