×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
11.07.2015 в 23:12

«Қазақстан – достық пен ынтымақтың қара шаңырағы» - Тиаң Биңг, қытайлық дәрігер

Қазақстан – достық пен ынтымақтың қара шаңырағы «Қазақстан - достық пен ынтымақтың қара шаңырағы. Мұнда жер иесі – қазақтың қадір-қасиетін ұққан кез-келген ұлт пен ұлыстың өкіліне табысты еңбек бар». Аспанасты елінен құт мекенге келген Қытай дәрігері Тиаң Бинг осылай деп, ағынан жарылды.

Шыңжаңнан Шымшаһарға келіп, қазақстандық азаматтардың дертіне дауа тауып отырған дәрігермен Қазақстан және оның халқы жайындағы пайымды пікірлерін арна тілшілері тыңдап қайтты.  

Тағдыр қатарласа өмір сүріп, көршілік байланыста болуды жазған қазақ пен қытай халқының сонау көне замандар қойнауынан бастау алатын, ұзақ тарихи достық қарым-қатынасы бар. Әлемге әйгілі «Ұлы Жібек жолы» бағзыда сол байланысты бекіген десек, бүгінгі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» көлік дәлізі құрылысының да мән-маңызы айрықша. Шағын және орта бизнес пен медицинадағы серіктестік те мықты қарқын алған. Ал, Қытай медицинасын жетік меңгерген маман Тиаң Биңг сияқты азаматтар екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың, бауырмалдық пен жылуарлықтың дәнекері. Тиаң Биңг, қытайлық дәрігер: Қазақстанға келген бетте бұл ел халқының соншалықты мейірімді екенін білдім. Бетімізден қағып жатқан ешкім жоқ.

Шағын және орта бизнесті Қытайдағыдай мейлінше дамытуға мүдделі. Азаматтары да еңбекқор, қарапайым. Жылдар бойғы дертіне ем қонған сайын мейірлене түседі. Өгейсітпейді. Дәрігердің айтуынша, үлкен қалалардың үлкен ауыртпалығы болады. «Күйкі тірлік. Толассыз ақпарат. Ығы-жығы адам мен оларға деген әрекет жауабы. Жүйке жүгін жеңілдетуге келген менің емделушілерімнің дені химия мен хирургияға жүгінген», - дейді ол. Базбір қандастарымыз мыңжылдық тарихы бар Шығыс медицинасының қадірін енді біліп жатқанға құсайды.

Тиаң Биңг, қытайлық дәрігер: Білгенге маржан, жер жерінде, жекен елінде. Әркімге өз маңында, өз төңірегінде өсетін, шығарылатын дәрілік өнімдер, шөптер оң әсерін тигізеді.  Ал, ине салдыру мен шөппен емдеу Қытайда дәстүрлі ем саналады. Химиялық дәрілердің ағзаға пайдасынан гөрі зияны көп. Сондықтан өз денсаулығын ойлаған азаматтар кері әсері болмайтын шөп дәрілермен емделеді.

Шыңжаң медициналық университетінде алған білімін іс жүзінде шыңдап, басы ауырып, балтыры сыздағандардың дертіне шипа тапқан емшіні Шымкент қаласының тұрғындары білікті маман ретінде, екіншіден жауапкершілігі үшін сыйлайды. Ине салдырудың игілігін көргендер дәрігерге риза болғаны соншалық үйіне қонаққа шақырып, қазақтың ұлттық тағамы мен сусынынан дәм таттырған.

Ырыскүл Акибаева, Шымкент қаласының тұрғыны: Қазақстандағы бейбітшіліктің арқасында біз Қытайға барып, көп шығындалмай-ақ өз қаламызда ем-дом қабылдауға мүмкіндік алдық. 5 күннің ішінде мен бұл емнің нәтижесін көрдім.

Тиаң Биңг дәрігер Қазақстанға келгелі Ислам дінін қабылдап, бес парызын бекемдеген. Аспанасты елінің азаматы ата дініміздің құндылықтарын жақсы біледі. Айлардың сұлтаны болған Рамазанда ораза ұстауға да ниеттеніп отыр. Күнделікті саябақта серуендеп, бойын сергітетін емші  қазақтың бас ақыны Абай атамыздың ескеркішіне қарап, дәстүрімізге де терең бойлайды. Осылайша қазақ пен қытай қарым-қатынасының жаңа парағын ашқан дәрігер азаматтық парызын Саламатты Қазақстанның азаматтарын емдеуден бастап отыр.    


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика