×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
12.07.2015 в 23:16

«Біз де мал баққан елміз»

дейді грек этно-мәдени орталығының жетекшісі Дмитрий Сидиропуло.

«Қазақтай қонақжай халық көрмедім. Түн ортасында да есік қақсаң төріне оздырып, барын алдыңа тосатын дәл осы қазақтар. Қазақстанға қоныс аударған соң осында өстік, ес жидық. Бала кезімнен қазақтардың қарапайымдылығы мені ерекше тәнті етті» деп бастады әңгімесін грек этно-мәдени орталығының жетекшісі Дмитрий Сидиропуло.

– Жалпы, гректердің Қазақстан жеріне алғаш келуі 1920-1930 жылдар аралығын қамтыған. Сол тұста темекі өсіру үшін маман ретінде гректерді  шақыртқан деген дерек бар. Екінші кезеңді қазіргі таңда осында өмір сүріп жатқан, елімізге сталиндік репрессиямен келген ұлыстар құрайды. 1949 жылдың маусымындағы депортация нәтижесінде Грузиядан жиырма мыңға жуық болгар мен грек Қазақстанға әкелінді. Солардың арасында менің де отбасым болды. Ол тұста мен бір жастан асқан сәби екенмін. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін елімізге жер аударылғандардың саны күрт  артты. Әкемнің айтуы бойынша, біз алғашында Мырғалымсайды (қазіргі Кентау қаласы) мекен етіппіз. Кентауда немістер, шешендер, корейлер де көп еді. Бертін келе Түркістанға қоныс аудардық. Осы шаһардың мектептерінің бірінде білім алдым. Қай жыл екені есімде жоқ, Кентау шаһарындағы алғашқы асфальт салушылардың бірі менің әкем болған. Көрші Түркістан көне қала дегенмен, тас жол әуелі Кентауда төселген болатын. Бертін келе әкем Түркістан қаласына да асфальт салған, – дейді кейіпкеріміз.

Облыстық грек этномәдени орталығы 1990 жылы құрылған. Грек тілін үйренгісі келетіндер үшін үйірме жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстанда барлығы 1500-ге жуық грек өмір сүруде. Оның жартысы Шымкент қаласында тұрады.

– Қоныс аударған соң жаңа климаттық жағдайға тез бейімделдік, –  дейді Дмитрий Иванович. – Қазақтармен ұқсастығымыз малшаруашылығында деп ойлаймын. Біз де қой бағып өскен халықпыз. Бір айырмашылығы, жайылымдық жердің болмауынан грециялық қойшылар қойды тауда бағады. Ежелгі гректер  үйді екі қабатты етіп тұрғызған. Оның бірінші қабаты мал ұстау үшін пайдаланылған. Күнделікті тұрмыста дәстүрлі понтийлік былғары аяқ киім – чаруши кез келген гректің үйінен табылатын. Понтийлік гректер Түркиядан Кавказға қоныс аударылған кездің өзінде еуропалық үлгідегі киімдер киген. Ерлер пиджак, шалбар, картуз және фуражкамен жүрсе, әйелдер қауымы шальвар, белдемше киіп, басына орамал таққан. Дастархан мәзіріне келетін болсақ, ұлттық тағамдарды гректер тек мерекелерде және ерекше салатанатты кештерде әзірлейді. Тауық еті қосылған ұнтақталған бидай жармасынан дайындалатын бидай ботқасы ең сыйлы қонақтарға ұсынылады. Сондай-ақ, жүзім жапырағына немесе орамжапыраққа оралған ет пен күріш те сүйсініп жейтін астың бірі.

Гректер қазаны көппен өткізеді. Қайтыс болған адамды өз үйінде міндетті түрде бір күн түнетеді екен. Қаралы үйде алғашқы күні дастархан жайылмайды. Екінші күні марқұммен қоштасуға келгендер үшін ас беріледі. Айта кететін бір жайт, үстелге ет қойылмайды. Барлық тағам етсіз дайындалады.

Ал, дүниеге жаңа келген нәрестеге атасының не апасының есімін беру құрмет болып саналады. «Қазақтарда келін күйеуінің туыстарын атымен атамайтынын білемін. Бізде керісінше, босанған әйелдің сәбиіне атасы не енесінің есімін таңу үлкен құрметтің белгісі. Мәселен, менің ұлым өзінің баласына менің атымды сыйлады. Ал, қызым тұрмыс құрған соң кішкентайына мамасының атын берді» дейді кейіпкеріміз.

Гректер туралы сөз болса міндетті түрде  көне грек әдебиеті, ежелгі грек мифологиясы еске оралады. Жалпы, грек әдебиеті грек халқының құл иелену заманында туған. Еуропадағы ең көне әдебиет. Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенген. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 787920
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика