×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.07.2015 в 23:23

Ақпараттық-насихаттық топ Мақтаарал халқымен кездесті

Биыл - Қазақстан Халқы Ассамблеясының жылы. Мерейтой аясында облыстық этно-мәдени орталық төрағалары Мақтарал ауданында бас қосты. Ақ алтынды аймақ жұртымен жүздесіп,  ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бұл топ этномәдени орталық төрағаларынан құралған топты ОҚО  әкімі аппараты басшысының көмекшісі өңірлік ассамблея хатшылығының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов бастап келді. Олар алдымен Атакенттегі ағайынмен кездесті.

- Бүгін Мақтааралға Елбасымыздың 5 институционалдық реформасының аясында «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарын халық арасында насихаттау үшін келіп отырмыз, -- деді облыстық өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хошимжанов.

Біздің елдегі әрбір ұлт пен ұлыс өкілдеріне бар жағдай жасалған. Айталық, ана тілінде білім алады. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жаңғыртуға да жол ашық. Тыныштық пен бірлікті бекем ету үшін бұдан артық не керек? Әсіресе, аға буын өкілдерінің жастарды отансүйгіштік мен мемлекеттік тілді қастерлеуде берер ұлағаты зор болуы ләзім.

-- Біз енді бүгінгі таңда алдымыздағы бар мақсаттарды орындау үшін біз «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруымыз керек. «Мәңгілік ел» идеясы – бұл жалпы ұлттық идея. «Мәңгілік ел» болу үшін әрбір Қазақстанның азаматы өз отанын сүйетін патриот болуы керек. Оның сана-сезімі осы елді сүю, осы мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, осы елдегі әралуан ұлттың өкілдері мен олардың мәдениетін, тілін де құрметтеу. Ал, енді осының аясында барлық этностар, бүгінгі таңда олардың басын топтастыру үшін мемлекеттік тілді жақсы меңгеруі керек. Мемлекеттік тіл – келешекте барлық Қазақстандықтарды осы мемлекетте интеграциялануы үшін өте қажет, -- деп атап өтті облыстық өзбек мәдени орталығының төрағасы.

Алқалы жиын барысында 60-қа жуық ұлт пен этнос мекен еткен мақталы аймақ жұрты алдағы атқарылар жұмыс жоспарымен бөлісті.  Ұсыныстарын айтты. Осылайша, ынтымағы ұйысқан көпұлтты атамекен алға адымдауда.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика