×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.07.2015 в 23:38

Дүнгенгер Қазақстанға 138 жыл бұрын келген

Дүнгендер Қазақстанға осыдан 138 жыл бұрын Қытайдан қоныс аударған. Жуырда дүнген ұлтының өкілдері осы тарихи оқиғаны өздерінше атап өтті.

Биыл да республикада тұрып жатқан дүнген ұлтының өкілдері--қоғам қайраткерлері, зиялы қауымы осы датаға байланысты бас қосып, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Дүнген ақсақалдарының айтуынша, қиын-қыстау кезеңде Қазақстан дүнгендерге құт мекен болды. Қазақ ұлтының дархандығының арқасында дүнгендер қазақ жерінде өсіп-өнді, сонымен бірге өздерінің төл мәдениеттерін, тілдерін сақтап қалды. Іс-шара барысында бірқатар азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерейтойлық медалі табыс етілді.

Жалпы, дүнгендер бүгінде Қырғызстанда, Қазақстанның Оңтүстік облыстарында және Өзбекстанда, Ресейде тұрады. Қытайдағы 9,8 миллион хуэйцзу деп аталатын мұсылман ұлтын да дүнгендерге жатқызуға болады. Өйткені олар бір тілде сөйлеп, бір мәдениетті ұстанады. Дүнгендер ұйғырлар сияқты 1860 жылдары Цин империясына қарсы көтеріліске шықты. Алайда 1880 жылдары көтеріліс жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін көтеріліске қатысқан халықтардың жазаға ұшырау қаупі төнді. Ұйғырлар, дүнгендер сол кездегі Ресей империясына—Қазақстанға, Қырғызстанға қарай қашты.

Қытайда дүнгендерді хуэй халқы деп атайды. Дүнген деген сөз Кеңес  одағының кезінде пайда болған. Дәлірегі 1924 жылы  Орта Азия елдерін межелеу саясаты кезінде қолданылды. Дүнген деген сөз Қытайдан көшіп келген қытай тілінде сөйлейтін ұлттарға қатысты айтылды. Бұл сөз орыс әдебиеттерінен алынған көрінеді. Дегенмен дүнген сөзінің қайдан шыққандығы жөнінде нақты тұжырым жоқ.

Қазақстанда дүнгендер негізінен Жамбыл облысында қоныстанған.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика