×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
18.07.2015 в 23:44

Шардарада 26 ұлттың өкілі тұрады

Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы бола білген Ассамблея өзінің өміршеңдігін делелдеп келеді. Шардара ауданындағы Қауысбек Тұрысбеков атындағы ауылдық округінде өткен алқалы жиында билік өкілдері осылай деді.

Шардарадағы 26 ұлт өкілдері тұрады. Айналасы 20 жылдың төңірегінде тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен, арманы ортақ мұндағы жұрт біртұтас халыққа айналды. Ассамблея жылы аясында өткізіліп жатқан іс-шаралардан олардың ешбірі сырт қалып отырған жоқ. Олардың барлығы дерлік мемлекеттік тілді меңгерген.

Елді ауыз біршілікке шақыратын жиын шымылдығы «Бірлігіміз жарасқан 20 жыл» атты фильммен түрілді.

Өзге ұлт өкілдерінің жасаған қолөнер бұйымдарынан қазақтай елдің дархандығын анық байқауға болады.

Бүгінде тағдырлы даланы өз отаным, атажұртым деп ардақтайтын жүздеген ұлт өкілдері тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасыр бойы, бірлігі мен тірлігі, достығы мен татулығы  жарасып, Қазақстанды бір отанымыз деп ардақтап, жарасымды өмір сүріп, бір мақсатқа жұмыла тіршілік етіп жатыр. Сонау өтпелі, тарихи таңдау жасалынған жылдардың өзінде Қазақстанға тұрақтаған көп ұлттардың басым бөлігі тарихи отанын іздеп, жөңкіле көшкен жоқ.

Үсен Ибадуллаев – тарихи отанына көшпей, Қазақстанда қалған тәжік ұлтының өкілі. Қазақтармен біте қайнасып, қайғы мен қуанышын қатар бөлісіп келеді.

 «Қазақ елінде бейбіт ғұмыр кешіп жатқаныма шүкіршілік етемін»,-дейді.

Шағалалы өңірдің этнос өкілдерінің қарым-қатынасы тұрақты, осы уақытқа дейін ұлттар арасында әлеуметтік шиеленістер болған емес.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика