×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
24.07.2015 в 22:56

Көпұлтты отбасы - ұлтаралық татулықтың дәнекері

 «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік». Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келеді. Өзі түгілі, өзгені өгейсітпеген қазақ еліндегі көпұлтты отбасылар да - ұлтаралық татулықтың дәнекері.  Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.  Достық пен ынтымақ бар жерде ғана  береке мен ырыс болары айдан анық. Отағасы Тұрсынхан мен Нина апайдың ширек ғасырға жуық отбасылық өміріндегі негізгі қағида осы.

Бұл шаңырақтың иелері қырық жыл бойы ауыл шаруашылығы саласының өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан. Ілкі буынға айтары көп отағасы зейнеткерлік  жасқа толғанымен әлі де болса, ел мүддесі үшін тер төгуде. Оқығаны мен тоқығаны көп Тұрсынхан аттан түспеген.

«Қызметте абыройлы болмақ үшін үйдегі  жайлылық аса маңызды. Балаларымның анасы осының  бәрін үйлестіре білді. Оның ұлтының орыс болғанына қарамастан, отбасымызда қазақылық жүз пайызға сақталған. Сондықтан болар, әр күніміз мерекелі, қолға алған ісіміз де берекелі» -- дейді.

Рухани астанадан бата алғандай, ассамблея жылының «бісмілләсі» Түркістанда басталды. 65 пайызы қазақ, қалған 35 пайызы  өзге ұлт өкілдері мекендейтін  шаһардың  басшысы «бұл да болса, біз үшін зор жетістік» -  дейді.

Бұған түрлі ұлт өкілдерінің ауызбірлігі, кез-келген жақсылыққа ортақтаса білуі түрткі болса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерге  қашанда нәтижелі істің үйір болары анық. Түркістанды мекендейтін қырықтан астам ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті. Сондықтан болар,  сан салада оқ бойы озық.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика