×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
27.07.2015 в 22:59

«Қоғамдық келісім» мекемесі бірлік тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

Оңтүстік Қазақстан облысында  25 856 233 өзге ұлт өкілдері өмір сүруде. Олардың ішіндегі ең көбі – өзбек халқының өкілдері. Олардың саны - 468182. Облыс аумағында 20 этномәдениорталық пен олардың аудандардағы 51 филиалы өңірдегі барлық мәдени іс-шараларға белсене араласып, тілін, мәдениетін дамытып келеді.

Облыста «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Достық» мұражайы, облыстық қазақ, орыс, өзбек драма театрлары жұмыс істейді. Мұндай мәліметті Шымкенттегі «Қоғамдық келісім» үйінің мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығының және «Қоғамдық келісім» КММ ұймдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылы біртектілік пен бірліктің жаңа кезеңі» тақырыбында өткен «дөңгелек үстелде» облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық халықтар ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов мәлімдеді. 

Меңгерушінің айтуынша ассамблея хатшылығы биылғы мерейтойға байланысты аудандарды аралап ауқымды шараларды өткізіп жүргендігін айтты. Мамандар бұған дейін Мақтарал, Шардара, Төле би аудандарында болып, тұрғындармен кездесу өткізген болатын. «Алдағы уақытта облысымыздағы барлық аудандарды этномәдени бірлестік төрағаларымен бірге аралап шығуды жоспарлап отырмыз» деді ол.

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универсиетінде көптеген ұлт өкілдерінің жастары білім алуда. Осы орайда оқу орнында  «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы құрылған. Бүгінде қызу жұмыс жасап отырған кафедрада білікті мамандар шоғырланған. Аталмыш кафедраның меңгеушісі Ғаппар Маймақов жиын барысында біраз жаңалықтарымен бөлісті.

– Біз басқа оқу орындарында кездесе бермейтін мамандандырылған кафедра құрдық. Ендігі кезде ғалымдарды тарта отырып, этносаралық тарихты қалыптастыруымыз керек. Қазіргі ахуалды бағамдап, болашағымызға жоспар құрсақ еліміздің ертеңгі тыныштығы мен ұлтаралық келісіміне үлес қосқан болар едік, – дейді ол.

Мұнан кейін сөз алған татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Мухамедова Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Біртектілік пен бірлік» атты 4-ші бағытына кеңірек тоқталып, «біртектілік дегеніміз бәрімізге жүктелген жалпы тапсырманы сезіне білу», деді.  А.Мухамедова ханым барлық қазақстандықтарды біріктіретін «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жоғарғы азаматтық жауапкершілікпен білек сыбана жүзеге асыруға шақырды.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары Қазақстан халқын жарқын бо¬ла¬шаққа бастайтынын, ел бірлігін нығайта отырып, орнықты дамуға кеңінен жол ашады. Қазіргі таңда тұрғындарымыздың 95 пайызы өздерін татулықты ту еткен, ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының өкіліміз деп есептейді. Еліміздегі 130-дан астам ұлт өкілдері «Мәңгілік Ел» идеясының айналасына топтасуда. Олардың мәдениетіне, тіліне, діни наным-сеніміне қатысты ешқандай қысым жоқ. Сондықтан біз бақытты халықпыз,-- деп сөзін түйіндеген ол баяндамасын  қазақ тілінде оқып шықты. 

Дөңгелек үстел барысында  «Ынтымақ» этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Л. Әлсейтова да өз пікірін білдірді. Соңынан «дөңгелек үстел» мәжілісінің үндеуі қабылданды. 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика