×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
28.07.2015 в 23:04

Ақпараттық топ ұлтаралық татулықты насихаттап жүр

Оңтүстік Қазақстан облысында  дәстүрі, тілі, діні бөлек болса да тонның ішкі бауындай өмір сүріп жатқан 100-ден астам этнос өкілдерінің,  олардың басын бір арнаға тоғыстырып, тілін, мәдениетін дамыту мақсатында құрылған этномәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіріп, бағыт-бағдарын айқындайтын, іс-шараларын ұйымдастыратын бір мекеме бар, ол - «Қоғамдық келісім» мекемесі. Аталмыш мекеменің мамандары  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай аудан-аудандарды аралап, халықпен жүздесу өткізуде.

Мекеме мамандары бұған дейін Шардара, Мақтарал аудандарында болып, ондағы этномәдени бірлестік төрағалары, мүшелері және ауыл тұрғындарымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқыға салған болатын.  Насихаттық топ одан кейін Төлеби ауданына ат басын бұрды.  Аудандағы 1 мамыр ауылдық округінде басталған кездесу Киелітас, Тасарық, Көксәйек ауыларында жалғасын тапты.  Кездесулер барысында негізгі баяндаманы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов жасады.

– Аудандарды аралап шығуымыздың басты мақсаты – Елбасының саясатын қолдап, этносаясатты жүзеге асыру. Биыл Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойына орай атқарылар іс те, жоспарда көп. Соның бірі – халықпен жүздесу. Біздің басты байлығымыз – әралуандылықтың бірлігі. Сондықтан мемлекет өз халқының мәдени, рухани дәстүрлерінің ұлттық игілік ретінде сақталуына қамқорлық жасайды. Осы қамқорлықтың бір тетігі ретінде мәдениетаралық сұхбаттың айрықша институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі осыған бағытталады», – деді ол.

Жиын барысында  қосымша сөздерге, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов, облыстық өзбек, күрді, шешен-ингуш, қырғыз, аудандық славян этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері шығып, этносаралық келісімді сақтау, ішкі бірлікті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған ақпараттық - насихаттық топ Ер түріктің бесігіне айналған мекен  Түркістан қаласында да болды.  Ақпараттық топ мүшелері жергілікті халыққа  Н.Ə.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын іске асыру жөнінде "100 нақты қадам" ұлттық жоспарының ережелерін түсіндіру арқылы ұлттар арасындағы татулықты сақтау мәселесі бойынша сөз сөйледі.

Жалпы, кездесулер сұрақ -жауап түрінде өрбіп, тиісті дəрежеде өткізілді.

Алдағы кезеңдерде осы бағыттағы жұмыстар өзге қала, аудандарда жалғасын табатын болады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика