×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
29.07.2015 в 23:06

«Бұл – біздің таулар!» республикалық фестивалі өтеді

2015 жылғы 31 шілде – 2 тамыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында (Төлеби ауданы) Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Бұл – біздің таулар!» республикалық фестивалі өтеді.

Фестивальді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы, Төлеби аудандық әкімдігі, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, облыс әкімі жанындағы спорттық-экологиялық туризмді дамыту және экологиялық тәрбие жөніндегі қоғамдық кеңес бірлесіп өткізбек..

Аталмыш іс-шара Қазақстан халқының бірлігін нығайту, Елбасы Н.А.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясаты аясында шоғырландыру, «Қазақстан-2050» Стратегиясы және «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын түсіндіруді мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Фестиваль барысында Өгем тау жотасының шығыс жағында орналасқан тауға шығып, оған «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы шыңы» (биіктігі 3535 м) атауы беріледі.

Аталмыш фестиваль аясында суретшілердің конкурсы және олардың жұмыстарына арналған көрме, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының концерттері ұйымдастырылады.

Іс-шараға қалың бұқара, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, туристер мен альпинистер қатысады.

Фестиваль үш күнге созылады деп күтілуде.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика