×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
30.07.2015 в 23:10

Шыңға ҚХА атауы беріліп, ту тігілді

Батыс Тянь-Шань тауында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» деп аталатын шың пайда болды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам-Өгем шатқалының шығыс жақ бетінде орналасқан асудың биіктігі 3 мың 535 метр. Ал тәжірибелі альпинистер бастаған еріктілер тобы адам ізі баспаған тау шыңын бағындырып, достықтың символына айналған асуда еліміздің көк байрағы мен Ассамблея туын желбіретуге аттанып кетті.

Топ жетекшісі жолға өзімен бірге ең қажетті деген заттарды ғана түгендеп алып жатыр. Себебі алда адам ізі баспаған шатқалдар мен алынбаған асу жатыр. Талай шыңды бағындырып, қар барысы атанған альпинист үшін бұл сапардың орны бөлек. Сайрам су шатқалының етегінде альпинистерді салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Оған ОҚО әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов пен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов қатысты.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов ҚХА-ның 20  жылдығы облыс көлемінде кең ауқымда тойланып жатқанына тоқталып, спортшыларға сәт-сапар тіледі. Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы альпинистерге мемлекеттік Туды салтанатты жағдайда табыс етті.

- Шыңға қарай қиын да ауыр жолдармен жүреміз. Сазан ата шатқалын бойлай отырып, кешке қарай үлкен балалар жазығына жетіп сонда түнейтін боламыз. Бұйыртса, ертең таңертең жолға шығып, шыңға жетеміз деп ойлаймын. Еліміздегі тұрақтылықтың символы болған шыңды бағындыру – мен үшін бақыт, -- тау нұсқаушысы Шамиль Рафиков.

Ал кәсіпқой фотограф Богдан Руденко бұл сапарға алғашқылардың бірі болып қатысуға ниет білдіріпті. Жол ауыр. Дегенмен мұндай сәттер келе бермейді. «Сондықтан шыңға шығып, қайталанбас кардлар түсіріп қайтқым келді», - дейді суретші.

Богдан Руденко, шараға қатысушы: - Тауда жеңіл жүктің өзі ауыр болады. Сондықтан мейлінше аз әрі жеңіл заттар алуға тырыстым. Дегенмен жан серігім фотоаппаратымды ұмытқан жоқпын. Қаншама көріністер мен табиғаттың тамаша жерлерін түсіріп қайтамын деп ойлаймын.

«Асуды бағындырғысы келгендер көп болды», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Дегенмен олардың бәріне бірдей рұқсат етілмеген. Өйткені жықпылы көп тау шатқалында жүру қауіпті. Тіпті кейбір жерлерден тек арқанның күшімен ғана өтуге болады екен. Шыңға барар жол алпенистер тілімен айтқанда өте ауыр асу деп бағаланған. Тарихи сәттің куәгерлеріне сапар алдында шыңға қойылатын капсула салтанатты түрде табысталды.

– Шараның негізгі мақсаты – еліміздегі достықты, ынтымақты, бірлікті айтып қана қоймай, нақты дәлелдеу және туризмді дамыту. Біздің түсіру тобымыз дәл қазір теңіз деңгейінен шамамен 2 мың метр биіктікте жатқан жұрт жер жаннаты атап кеткен Сайрам шыңының етегінде тұрмыз. Білікті спорт шеберлері бастаған еріктілер жасағы бұдан да жоғары шығады. Олар екі күн бойы жүріп отырып, адам ізі баспаған белеске ҚХА деген атауды беріп қайтады. «Бұл біздің таулар» деп аталатын дәстүрлі фестивальге қатысушылар екі күн бойына Сайрам-Өгем шатқалындағы әсем жерлерді аралап, табиғатты тамашалап қайтады. Алған әсерлерін қағаз бетіне түсіріп, сурет салудан сайысады. Кешқұрым алау басына жиылып, авторлық ең үздік деген әндерді шырқап, би билеп тынығып қайтады, – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Калмұратов.

Айта кетейік, «Бұл – біздің таулар» фестивалінің аясында суретшілер конкурсы, «Жүрегімді тауларда қалдырдым» атты авторлық әндер кеші, туристік маршруттар бойынша серуен және экологиялық сенбілік өтті.

Іс-шараны ОҚО әкімі жанындағы спорттық-экологиялық туризмді дамыту және экологиялық тәрбие жөніндегі қоғамдық кеңес, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы бірлесіп ұйымдастырған.  


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика