×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
31.07.2015 в 23:13

«Ұлт жоспары — ел бірлігінің кепілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

«Қоғамдық келісім» үйінде облыстық өзбек этномәдени бірлесітігінің ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» жиыны өтті. Онда Н.Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамды насихатталды. Жиынды облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Хашимжанов жүргізіп отырды.

Облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелері бас қосқан жиында Төлеби аудандық этномәдени бірлестігінің төрағасы У.Қодиров, ҚР білім саласының үздігі Х.Абдуқадирова, облыстық өзбек драма театрының офис-менеджері Н.Мадиева 100 нақты қадамның жүктеген міндеттері жайында баяндама жасады.  У.Қодиров өз баяндамасында ұлтаралық татулық, бірлік пен біртектілік ұғымы төңірегінде әңгіме өрбітсе, Х.Абдуқадирова білім саласын жетілдірудің негізгі қадамдарына тоқталды.

И.Хашимжановтың айтуынша, бүгінде Мақтаарал, Сарыағаш, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласына қарасты бірқатар елді мекендерде Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында кездесулер ұйымдастырылған. Жуырда Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесіп, 100 нақты қадаммен таныстыру көзделуде.

- «100 қадам» – Ұлт жоспары Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік. Ал «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы тәуелсіздіктің барлық жетістіктерінің сабақтастығы мен қазақстандықтардың болашаққа ұмтылысын бекітетін тұғырнама қызметін атқаратын болады. «Мәңгілік Ел» идеясы мен Баршаға ортақ еңбек қоғамы идеяларын одан әрі ілгерілету азаматтық біртектілікті күшейтеді және Болашағы Біртұтас Ұлттың бойындағы жасампаздық әлеуетті түбегейлі ашуға мүмкіндік береді. «Мәңгілік Ел» – қоғамдағы бірлік пен келісімнің атымен өзгеше моделі, ол жаһандық ауқымда танылған табысты қазақстандық тәжірибенің мәртебесіне ие, — деді И.Хашимжанов.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика