×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
21.07.2015 в 23:20

Насихаттық топтың жұмысы Түркістанда жалғасты

Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған ақпараттық насихаттық топтың жұмысы 21 шілдеде Мақтарал, Шардара және Төлеби аудандарынан кейін Түркістан қаласында жалғасты. Ақпараттық-насихаттық топ мұнда Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Ескі Иқан, Жаңа Иқан ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы И.А.Хашимжанов, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.И.Мухамедова, түрік этномәдени бірлестігінің баспасөз хатшысы И.Турки және М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Ғ.Қ.Маймақов жергілікті халыққа ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының ережелерін түсіндіру арқылы этностар арасындағы татулықты сақтау мәселелері бойынша сөз сөйледі.

– Мемлекет басшысының 100 нақты қадамымен танысқанымда, аталған құжатта барлық сала қамтылғанын байқадым. Оның ішінде мемлекеттік аппарат, үкіметтік емес ұйымдар, экономика, көші-қон, құқық қорғау және мәдениет сынды өмірімізге қажетті барлық салалар бар. Бұл бірегей әрі өте қажетті бағдарлама. Қазіргі жаһандық сын-қатерлерге толы кезеңде әлемнің жетекші сарапшыларының Қазақстанның 100 нақты қадамын зерттеп, зер¬делеуі кездейсоқтық емес. Еліміз¬дің ішкі жағдайында, халық¬аралық қоғамдастықтың тұрақсыздығы және дағдарыс кезеңінде қабылданғандықтан, бұл дер кезінде жол көрсеткен құжат болды деп ойлаймын. Өйткені, жалпы адами және экономикалық құндылықтар тұрғысынан аталған бағдарлама уақыт тынысын дөп басып тұр, – деп атап өтті тарих ғылымдарының кандидаты Ғаппар Маймақов.

Жалпы кездесулер сұрақ-жауап түрінде өрбіп, тиісті дәрежеде өткізілді.

Алдағы кездерде осы бағыттағы жұмыстар өзге қала, аудандарда жалғасын табатын болады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика