×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
21.07.2015 в 22:59

«Ынтымақ» «Менің елім» жобасын жүзеге асыруға дайын

Оңтүстік Қазақстан облысында ел бірлігін нығайтуда «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі де белсенділігімен көзге түсуде. Жыл басынан бері облыс деңгейінде ұйымдастырылған іс-шараларға қатысумен қатар, өз тарапынан мемлекетқұраушы қазақ халқының қанатының астына өзге этностарды ұйыстыра түсу мақсатында волонтерлер отряды құрылған. Бұл туралы аталмыш бірлестіктің төрайымы Гаухар Төлепова мәлім етті.

«Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі төрайымының  мәлімдеуінше, Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалды реформасының төртінші бағыты мемлекетіміздің біртектілігін қамтамасыз ете отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, ел бірлігін нығайтуға бағытталып отыр.  Осы орайда «Ынтымақ» бірлестігі өңір студенттері мен оқушылары арасында «Ел тілегі — тұрақтылық» атты «дөңгелек үстел», «Бір ел — бір тағдыр» фестивалін ұйымдастырды. Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Аналар дастарханы» қайырымдылық акциясын қолға алып, әскери бөлімдегі сарбаздарға үй тағамдары ұсынылып, олармен  отбасы бірлігі, отансүйгіштік тақырыбында пікіралмастық. Тәрбие іргетасы отбасынан, ата-ананың мейірімді алақанынан бастау алатынын ескерсек, отбасы жылуын сезіндіру арқылы әрбір жасөспірімді патриоттыққа тәрбиелеуге болады.

«Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің мүшелері Ұлт жоспарының «Біртектілік және бірлік» атты төртінші бағытын жүзеге асыру мен халыққа жеткізуді басты мақсаты санайды.

-- «Біртектілік және бірегейлік» бағытындағы «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менің елім» ұлттық жобасы, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, «Нұрлы болашақ» басымдықтарының қай-қайсысын алсақ та, бұлардың әрқайсысы бізді биік мақсаттарға  жеткізетін нақты қадамдар. Мәселен, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы — айрықша маңызға ие. Ол — отандық тарихты білу, болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру негіздерінің бірі. «Мәңгілік ел» ұстанымы әрбір қазақстандықтың болашаққа деген сенімін арттырып, осы жолда өзі үшін, ұрпағы үшін аянбай еңбек етуге бастайды, -- дейді Гаухар Төлепова.

Оның пікірінше, «Үлкен ел — үлкен отбасы» жобасын  әзірлеу және жүзеге асыру міндеті қазақстандықтардың біртектілігін нығайта түсіп, азаматтық қоғамның тұтастығын қалыптастыру үшін жағдай туғызатыны сөзсіз. Еліміздің болашағы, дамуы, өркендеуі, отбасының берекесі, бірлігіне тікелей байланысты. Отанымыздың тірегі – миллиондаған бақытты отбасы. 

Этносаралық мәдени бірлестік төрайымы «Менің елім» ұлттық жобасы аясында технологиялық жобалар іске асырылып, «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасы жүзеге асса, әрбір азаматқа және шетелдік туристке қазақ елі мен жері туралы мол мағлұмат беруге жол ашатынына сенімді.

-- Сан мыңдаған ғасырлардан сыр шерткен қазақ тарихы ешкімді де бей-жәй қалдырмасы анық. Өткенін ұмытпаған, тарихына терең бойлайтын елдің болашағы да айқын болары сөзсіз. Елбасы бастамасымен қолға алынған 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың міндеті, әрі парызы. Бұл бағытта  жұмыс жүргізуге қоғамдық ұйымдар, оның ішінде «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің мүшелері белсенді түрде атсалысатын болады. Олардың қатарында  қарашай, лезгин, осетин, балкар, мордва және мариий сында аз ұлт өкілдері де бар.  Бір шаңырақта бас қосқан түрлі ұлт өкілдері қиын-қыстау заманда жерұйыққа айналған Қазақ Елі үшін, Мәңгілік Ел үшін, ортақ Отаны үшін аянып қалмақ емес, -- дейді ол.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика