×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
01.08.2015 в 23:35

«Бұл – біздің таулар» республикалық фестивалі мәресіне жетті

31 шілде мен 2 тамыз аралығында «Бұл – біздің таулар» республикалық фестивалі өтті. Альпинистер биіктігі 3 535 метр шыңға көтеріліп, оған «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» атауын берді. Енді еліміздегі ынтымақ пен бірліктің белгісіндей болған ту үш жарым мың метр биікте желбіреп тұр.

- Бұл — дәстүрлі фестиваль. Біз оны әр жылдары ел өміріндегі маңызды оқиғалармен орайластырып өткізіп келеміз. Ең алғаш рет Түркістан қаласының 1500 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған. Одан кейін Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткіздік. Осы Өгем тау жотасындағы шыңға «Тәуелсіздік шыңы» деген атау берген болатынбыз. Биыл өткізілген фестиваль сол әдемі дәстүрдің жалғасы. Шараның мақсаты  ішкі спорттық-экологиялық туризмнің дамуына ықпал ету, облыстың туристік әлеуетін насихаттау, жастарды табиғатты аялауға үйрету болатын. Фестивалға қаншама жастар қатысты. Олар біздің таулардың әсемдігіне тамсанып қана қайтқан жоқ, қоршаған ортаны қорғаудың қаншалықты маңызды мәселе екенін ұғынды. Сол себепті түпкі мақсатымызға жақындай түстік деп есептеймін, -- дейді  облыс әкімі жанындағы спорттық-экологиялық туризмді дамыту және экологиялық тәрбие жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Кеңесбай Исмайлов.

Айта кетейік, фестиваль аясында суретшілердің байқауы және олардың жұмыстарының көрмесі, этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының концерттері ұйымдастырылды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика