×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
02.08.2015 в 23:41

Мәңгілік елге жетелейтін бағдарлама

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен құрылған ақпараттық-насихаттық топ Отырар ауданының тұрғындарымен кездесіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының міндеттерін түсіндірді.   Жиынға аудандағы этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері де қатысты.

Келелі жиын барысында аталмыш департаменттің қызметкері Қуандық Құлажанов бастаған ел ағалары «Мәңгілік елге жетелейтін 100 нақты қадам» тақырыбында баяндамалар жасады.

Баяндамашылар үздік отыздыққа апарар Ұлт жоспары, «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру жөнінде сөз етті.

- Бұл қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Осы бағытта қолға алынған жұмыстар Қазақстанның туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен өңірлік мәдени-туристік кластерлерді құруды жүзеге асырумен байластырылатын болады, - деп атап өтті Қ.Құлажанов.

Бандамашы азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасы әзірленіп, соның аясында «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет  жобасы құрылатынын жеткізді.

- Мұндағы басты мақсат – әрбір азаматқа және шетелдік туриске ел туралы көбірек білуге көмектесу. Порталға Қазақстан бойынша 3Dбейне турлар, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуальды хабарласу тұғырнамасына айналады, - деп атап өтті баяндамашы.

Жиын барысында билік өкілдері Отырар ауданының тыныс-тіршілігін де бағамдады.Осы орайда атқарылып жатқан оңды істердің жай-жапсарымен танысып, оң баға берді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика