×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
03.08.2015 в 23:45

Ұлттық тағам әзірлеудің шебері

Ұлттың ерекшелігі отбасылық қарым-қатынасы, киімі, ұлттық ойындары немесе тұрмыстық салт-дәстүрлері ( келін түсіру, қыз ұзату тойлары) ғана емес, ұлттық тағамдарынан да көрінеді. Біздің қозғағалы отырған тақырыбымыз осы ұлттық тағам туралы.

Тайыр Дәуітов  Шардарада тұрады. Ұлты – ұйғыр. Ол Шардара қаласындағы «Бихон» дәмханасының тірлігін дөңгелетіп отырған аспаз. Біреулері Тайырды өзіне туыс санайды, біреулері дос тұтады. Әйтеуір ешкім жат санамайды. Ұлты ұйғыр болғанымен, бар қазақпен бауыр болып кеткен.

– Біздің ата-бабамыз Қырғызстанның Талас жағында ғұмыр кешіпті. Отбасында 3 қыз, 2 ұл өстік. Шардараға қоныс аударып келгенімізде мен 5 жасар бала екенмін, – дейді Тайыр.

Тайырдың әкесі Иса ақсақал ата салты бойынша аспаз болып еңбек етті. Ал, анасы Қалбы үй шаруасымен айналысыпты. Тайырдың сауат ашып, алғаш табалдырығын аттаған мектебі - қазіргі А.Әлімбетов атындағы білім ордасы. Кейіннен Ташкент қаласындағы №48 училищеде аспаздық оқуды бітіріп шықты.

Кәсіптік училищені бітіріп келгесін Шардарадағы орталық базардағы қоғамдық асханада алғашқы еңбек жолын бастады. Әкесінің қасында еңбек ете жүріп, Тайыр да бармағынан бал тамған кәсіпқой аспаз болып қалыптасты. Әрі қанмен келе жатқан аспаздық қасиет бар, қандай тағам болсын бабымен дайындап, жұрт көңілінен шығуға тырысатын. Күнделікті тағамдармен бірге ұйғыр ұлтының ұлттық дәмдері – манты, лағман, манпар секілді тағамдарды дәмді етіп дайындауды үйренді.

Тайырдың жұбайы Гүлнара Авасханқызы - өзбек ұлтының өкілі. Оның әкесі Авасхан Бегалиевті де аудан халқы жақсы таниды. Шардара өз алдына аудан болып құрылған кезде Авасхан ағалар да осында келіп, түрлі құрылыс мекемелерінде қызмет атқарды. Жөндеу-механикалық зауытына басшылық жасады. Қазіргі таңда зейнет жасында, Шымкент қаласында ғұмыр кешеді. Уақытының көбін Шардарада өткізіп, жиен-немерелерінің қасында болғанды жақсы көреді. Бұрынғы Крупская, бүгінгі Құрманғазы атындағы мектепте оқыған Гүлнара Тараз қаласында білім алып, есепші мамандығын иеленді. Ол да алғашқы еңбек жолын әкесінің қасында бастап, жөндеу-механикалық зауытында есепші болып қызмет атқарды.

Нарық заманы келіп, мекеменің бәрі жұмысын тоқтатып, ел-жұрт базар жағалап кеткенде Тайыр мен Гүлнара орталық базардан бір дәмхананы жалға алып, аспаздық қызметін жалғастыра берді. Тайыр бас аспаз болғанда жұбайы көмекші болып, халыққа қызмет жасады.

- Аспаз болған адамның, біріншіден, тамағы тоқ болады, екіншіден, ақшасы болады, - дейді олар.

Бүгінде олар осы аспаздық кәсіптерінің арқасында ешкімнен кем болмай ғұмыр кешіп келеді. Тіпті, «заңгер», «экономист» деген дипломды қалтаға салғанымен, еш жерде жұмыс істемей, әрнәрсенің басын бір шалып жүрген көптеген ағайындардан тұрмыстары көш ілгері.

Тайыр мен Гүлнараның 2 ұл, 1 қызы бар. Тұңғыштары Азиза – Тараздағы медициналық колледжді бітірді. Әлішер Шымкентте колледжде білім алады. Болашақ информатика маманы. Кенжелері – Сардар М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде 2-сыныпта оқиды. Әке-шеше ата кәсіпті осы Сардары жалғастырса деп үміттенеді.

Шебер аспазшылар  Қазақстанды туған елі, Шардараны туған жері санайды. 

- Біз үшін шалқар теңізі бар осы мекен өте ыстық. Шардараға жетер жер көрмедік, – дейді Тайыр Дәуітов.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика