×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
04.08.2015 в 23:48

«Қазақстан халқы ассамблеясы» шыңын бағындырғандар марапатталды

Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов жуырда өткен «Бұл – біздің таулар» фестивалінің қатысушыларын арнайы қабылдады. Осы шара аясында биіктігі 3535 метр болатын шыңды 30 альпинист бағындырды. Бұған дейін ешқандай аты болмаған шыңға «Қазақстан халқы Ассамблеясы шыңы» деген атау берілді.

Айта кетейік, Виктория Воробьева, Шамиль Рафиков, Ербол Оразалин бастаған кәсіби альпинистер фестиваль аясында Өгем тау шатқалының биіктігі 3535 метрлік шыңына көтеріліп, оған «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» атауын берген болатын.

Қазақстан Халқы ассамблеясының жылы аясында ұйымдастырылған шараға өңірдегі өзге ұлт өкілдері мен түрлі ұйым мүшелері және журналистер де қатысты. Ондағы мақсат - елдегі достық пен татулықты дәріптеу. Ал, биік шыңға ассамблея атын беру сол достықты мәңгілік етіп, биікке көтеру.

--Бұл Ассамблея жылы аясында өткізілген айтулы шаралардың бірі болатын. Сіздер осынау күрделі шыңға көтеріліп, оның басына еліміздің көк Туын тігіп, атау беріп қайтқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Алдағы уақытта мұнан да биік шыңдарды бағындыра беріңіздер, -- деген Ерлан Қуанышұлы спортшыларға арнайы дипломдар табыс етті.

Айта кетейік, фестивалға ақпараттық қолдау көрсеткені үшін БАҚ өкілдеріне де Алғыс хаттар берілді. 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика