×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
05.08.2015 в 23:51

«Біртектілік пен бірліктің жаңа кезеңі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылы — біртектілік пен бірліктің жаңа кезеңі. «Қоғамдық келісім» үйінде осы тақырып аясында «дөңгелек үстел» мәжілісі ұйымдастырылды. Жиынға облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ОҚО ҚХА хатшылығының қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Басқосуда М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Ғ.Маймақов баяндама жасады. 

— Ұлт бірлігін қамтамасыз ету демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты. Ал, тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту — ұлттық бірлігіміздің басты ұстанымы, өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт, - дей келе Ғ.Маймақов, бірлік ел келешегінің кемелдігіне кепіл екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, «Ынтымақ» этномәдени бірлестігінің өкілі, Ы.Алтынсарин атындағы №65 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Әлсейітова өз баяндамасында бірлік, патриотизм ұғымдарының бастауы білім ұясынан басталатынын ерекше атап өтті.

- Мектепке дейінгі мекемелер  мен мектептің міндеті –  балаларды бір-бірін ұлтқа бөлмеуге үйрету, олардың арасында достықты нығайтуға тәрбиелеу.  Ер-азамат үйді асырау үшін уақытының көбін сыртта өткізетін болса, әйел - үйдің көркі әрі берекесі. Сондықтан бала тәрбиесінде әйелдерге жүктелер міндет те, одан күтер жауапкершілік те жетерлік. Үйде көбіне ұл мен қыздың тәрбиесімен анасы айналысады. Балаларының парасатты, білімді, тәрбиелі болып қалыптасуы анасының ішкі жан-дүние байлығына, ақылына, жастайынан алған тәлім-тәрбиесіне де байланысты. Яғни, ана – өмірдің шамшырағы, өмірдің сәні, бала тәрбиесінің бағбаны екендігі. Ендеше, баланы отансүйгіштікке, ұлтаралық татулыққа тәрбиелеуде аналардың тәлімі дұрыс болуы керек, - деді ол.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика