×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
06.08.2015 в 23:54

Олардың Қазақстаннан кеткісі келмейді

Төлебилік Дециевтер отбасының Қазақстанға қоныс аударғанына 70 жылдан асты. Олардың мұнда келуі  Отан соғысымен тікелей байланысты. Екі ел арасындағы достықтың дәнекері болған жанұя мемлекет басшысының Қазақстан Халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясы кезіндегі ел күнтізбесінде алғыс күнін жариялау керектігі туралы айтқан ұсынысын қолдап-қуаттайды.

Шаңырақ отағасы Сайфа Дециев сұрапыл соғысқа Грозный облысы Колхода совхозынан аттанады. 1944 жылға дейін барлаушы қызметін атқарады. Кейін Киркен гвардиялық атқыштар полкының құрамына қабылданған ефрейтор Польша мен Берлин провинциясында болады. Жаумен жағаласып жүрген шақта ол жанұясының Қазақстанға көшірілгенін естиді.

- Біз атамызды мақтан тұтамыз. Бұл біздің отбасының тарихы дегенмен, Қазақстанда тұратын бүкіл шешен ұлтының басындағы жағдай еді. Балаларымыз аталарының Қазақстанға қандай тағдырмен көшірілгенін, қазақтардың жақсылығын біліп өсуі тиіс, - дейді әйгілі чемпион Бисольт Дециев.

Оның айтуынша, аталары Оңтүстікке 1947 жылы ғана оралады. Үлкен Дециевтің ерлігіне тәнті болған Иосиф Сталин ат пен қылыш сыйлайды. Жауынгер ер қаруын соңғы демі үзілгенше қастерлеп өтіпті  Оны бүгінгі ұрпақтары да көздің қарашығындай сақтап отыр.

- Жәдігер өткеннен сыр шертетін достықтың айнасы іспеттес, - дейді ол.

Бисолттың бауыры Насуриддиннің айтуынша, соғыс аяқталып, ел іші тынышталған уақытта Дециевтер отбасын өз еліне қайтаруға рұқсат етілген екен. Алайда, қиналған кезде құшақ жая қарсы алып, қол ұшын созған қазақтың қасиетін жоғары бағалаған отбасы осында қалуды ұйғарыпты. Бұл әулеттің ұлдардың алды Қазақстан атынан талай спорттық додада топ жарды.

Бисолт Дециев – шешен ұлтынан шыққан, күрестің классикалық түрінен кеңес, қазақ және қырғыз чемпионы. 1986 жылғы КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері, КСРО кубогының иегері, КСРО-ның екі дүркін чемптоны (1991, 1992 жж.), Европа чемпионы (1988 ж.), әлем кубогының төрт дүркін иегері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика