×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
07.08.2015 в 23:57

«Ұлт пен ұлтты жақындастыратын да, алыстататын да – тіл»

Қазақ «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген. Бүгінде Қазақстан ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан мемлекет болып орнықты. Оған ел ішінде тіршілік етіп отырған әрбір шаңырақтың да үлесі бар. Бұл орайда облыс орталығы Шымкентте тұратын Ибишевтер отбасын атап өтуге болады.

Ибишевтер отбасы да 1944 жылы сталиндік саясаттың салқынымен Кавказ жерін тастап, Қазақстаннан қоныс тапқан көп түрік отбасыларының бірі. Жасы 90-ды алқымдап қалған кейуана қиын-қыстау күндерде өздерін паналатқан, төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліп берген, осы елде аяққа тұруларына қол ұшын берген қазақтардың жақсылығын ұрпақтарына үнемі айтып отырады.

«Жабыққанда, тарыққанда қол ұшын берген шаңырақтың киесі бар. Сыйлаңдар! Жүректерің бір соқсын» дейді.

Кейуананың ұлы Майлыбек те, оның жұбайы да 40 жылдық ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған. 

- Біз бұл мемлекетке ризамыз. Маған бүгінгі таңда өмір сүруге қай мемлекетті таңдар едің десе, сөзсіз Қазақстанды таңдар едім, - дейді Майлыбек Ибишев.

Ерлі-зайыптылар бір ұл, екі қыз өсірді. Шаңыраққа ие Мұрат – дәрігер. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында бөлім меңгерушісі.

- Ұлт пен ұлтты жақындастыратын да, алыстататын да – тіл. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді білуге міндетті деп есептеймін. Менің қабылдауыма келген науқастар менің түріме қарап, ойларын қай тілде жеткізерін білмей абдырап қалады. Қазақ тілінде сөйлесем, риза болып, сырқаттары туралы еркін мәлімдеп береді, - дейді ол.

Бұл отбасының қыздары - тіл мамандары. Барлығы да өз бақыттарын тапқан. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» дейтіндер перзенттерін де шұрайлы тіл - қазақ тілін меңгеруге күнде үндеп отырады. Мәселен, Мұраттың қызы Фейзия бүгінге дейін бірнеше рет қазақ тілінен олимпиадаларға қатысыпты. Алайда, келешекте әкесі секілді дәрігер болуды армандайды.

Сондай қиын сәттерде елге келген ұлттардың бүгінде қазақ халқымен қазаны бір қайнайды. Олар тілін, ділін, дәстүрін ұмытқан жоқ. Ендігі мақсат - бірлігі бекем елдің тірлігін дөңгелету. «Мәңгілік ел» болып қалуына күш салу.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика