×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
08.08.2015 в 22:59

Ұлт жоспары — ел бірлігінің кепілі

Шымкент қаласындағы «Қоғамдық келісім» үйінде облыстық өзбек этномәдени бірлесітігінің ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» жиыны өтті. Онда Н.Назарбаевтың бес институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам насихатталды. Жиынды облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы И.Хашимжанов жүргізіп отырды.

Облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелері бас қосқан жиында Төлеби аудандық этномәдени бірлестігінің төрағасы У.Қодиров, ҚР білім саласының үздігі Х.Абдуқадирова, облыстық өзбек драма театрының офис-менеджері Н.Мадиева 100 нақты қадамның жүктеген міндеттері жайында баяндама жасады.  У.Қодиров өз баяндамасында ұлтаралық татулық, бірлік пен біртектілік ұғымы төңірегінде әңгіме өрбітті.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы»  жобасын әзірлеп, оны жүзеге асыру - қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл жұмыстар елдегі туристік саланы дамыту, яғни өңірлік мәдени-туристік кластерлерді құруды жүзеге асырумен байланыстырылады, - деді ол.

Ал, Х.Абдуқадирова білім саласын жетілдірудің негізгі қадамдарына тоқталды.

- «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасы әзірленеді және жүзеге асырылады. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік ел құндылықтары енгізілетін болады, - деп атап өтті Х.Абдуқадирова.

Этномәдени бірлестік төрағасы И.Хашимжановтың айтуынша, бүгінде Мақтаарал, Сарыағаш, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласына қарасты бірқатар елді мекендерде Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында кездесулер ұйымдастырылған. Жуырда Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесіп, 100 нақты қадаммен таныстыру көзделуде.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика