×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
09.08.2015 в 22:58

Бір пәтерде 100 ұлттың өкілі бас қосқан

Шымкенттік зейнеткер Паулина Бренердің пәтерінде 100 ұлттың өкілі бірге тұрады.  Қалай дерсіз?!. Бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған Паулина Бренер зейнеткерлікке шыққанда өзіне жақсы ермек іс тауыпты.

- 100-ге тарта түрлі ұлт өкілдерінің киімін киген қуыршақтарды жинау – менің Қазақстанды қалай сүйетіндігімнің белгісі, -  дейді ол.

Қонақжай қазақ қызы, сымбатты испан аруы, қытайлық бойжеткен... Паулина Бренердің кішкентай ғана пәтерінде осындай 100-ге тарта қуыршақ тізіліп тұр. Өзі қалжыңдап, «әлем халқының ассамблеясы» деп атайтын коллекцияны 8 жыл бұрын жинай бастаған.

-2007 жылы Голландияға барған кезімде сол жақтағы туысым Нидерланд елінің ұлттық киімін киген қуыршақтарды сыйлады. Содан бастап, неге қуыршақтарды жинамасқа деген ой келді. Менің ермегім туралы білген таныстарым содан бері жан-жақтан қуыршақтар жібере бастады, - дейді ол.

Соғыс жылдарында Қазақстанға отбасымен жер ауып келген Паулина Бренедің  ең сүйікті қуыршағы – қос етекті бүрмелі көйлек киген қазақ қызы.

Коллекцияда пластмассадан, фарфордан, матадан, тіпті, өсімдік сабақтарынан өріліп жасалған қуыршақтар да бар. Күн сайын ойыншықтардың шаңын сүртіп,  керек болса, киімдерін жуудан шаршамайтын зейнеткер «қазір бұларсыз өмірімді елестете алмаймын», - дейді.

-Мектеп жасындағыларға қосымша сабақ беремін. Сондықтан үйіме балалар көп келеді. Қуыршақтарыммен ойнап жатқанын көрудің өзі - мен үшін үлкен қуаныш. Техникаға тәуелді боп, баланың жүйке жұқартқанынан, осы ойыншықтарды ермек еткені дұрыс деп білемін. Қартаюға да, шаршауға да уақытым жоқ, - дейді Паулина Бренер.

75 жастағы кейуана зейнеткерлікке дейін мектепте сабақ берген. Енді қарт ұстазды құрмет тұтқан шәкірттері де дүниенің төрт бұрышынан сыйлық ретінде қуыршақтар жөнелтіп жатыр. Үзілмеген байланыс.

100 ұлттың басын қосып, аядай ғана пәтеріне сыйғызған кейуана бұл ісін көпұлтты Қазақстанды сүйетіндігінің айғағы дейді.

Оның ендігі мақсаты – әлемдегі 190 ұлттың киімдерін киген ойыншықтар коллекциясын жинау.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика